Азат ауылын полиция қоршауға алды: Неге Шерзаттың ағасының жаназасы дауға ұласты?
Коллаж Orda.kz
Талғардағы Шерзата Полаттың қазасы үлкен шу тудырып, бірінен соң бірі жалғасқан дауларға себеп болуда. 10 желтоқсанда Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өтті. Жаназа біте салысымен Азат ауылында жаппай жиын басталып, полиция ауылды қоршауға алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрқанат Ғайыпбаевтың туыстары оның өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен. Шерзата Полаттың әкесі Каржаубай Нұрымов жүк көлігінің үстіне шығып, қолына пышақ ұстап, өзін өлтіремін деп қорқытқан.
Полиция психологиялық тұрақсыз күйде болған ер адамды ұстады. Шерзат Полаттың әкесі агрессивті әрекет еткен. Алдын ала ақпарат бойынша, ол өзіне дене жарақатын салып үлгерген екен. Куәгерлердің айтуынша, Каржаубай Нұрымов журналистермен кездесуді талап еткен. Айта кетейік, бұған дейін олар тілшілермен сөйлесуден үзілді-кесілді бас тартқан болатын.
Коллаж Orda.kz
«Ол айналадағы адамдарға қауіп төндіріп, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның әрекеттері психологиялық тұрғыдан бірқалыпты емес болды. Өзінің және өзгелердің өміріне қауіп төндірді. Туыстары мен адвокаттардың өтініші бойынша, оның өміріне және айналадағы адамдардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны шамалы күш қолдана отырып, ұстады», деп түсіндірді Алматы облысы Полиция департаменті.
Нұрымовты полиция бөлімшесіне жеткізіп, психологтар онымен жұмыс істеуде.
«Полиция жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастыруда және азаматтарды сабырға шақырады», деп мәлімдеді ведомство.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Жаңалықтар
- Өз әкесін азаптаған тұрғынның жазасы қатаңдады
- Прокурорлар Жақсылық Омарға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақтөбеде ер адам өз үйіне түскен ұрыны өзі ұстап алды
- «Болашақ» бағдарламасында қандай өзгерістер болады? Саясат Нұрбек жауап берді
- Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды
- Боқаевтың жақтастары оған қатысты істі тікелей эфирде ашық түрде қарауды талап етті
- Тоқаев Ресейдің жетекші мыс өндіретін компания басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
- Қаныш Сәтбаев: халқым менен де биік. Қазақстандағы қазбалы байлықтың ғылыми жүйесін құрған ғалым
- Сағын сындыру үшін жасалған әрекет: Заңгер Әділетхан Молдаханның інісі мәлімдеме жасады
- Жетісулықтар тағы бір жер асты дүмпуін сезді
- Бес әнімнің ақысын бермеді деген композиторға әншінің өзі арыз жазды
- Ұсталған Әділетхан Молдахан туралы не белгілі?
- Сәуірден бастап бақылау күшейеді: аударымдар да назарда
- Елімізде пойыз қозғалысын реттеуде Starlink спутник жүйесі қолданылады
- Баян Алагөзова: Радикализм, «Алтын Ханым» және әл-Фарабидегі апаттар
- Жетісу облысында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды
- Алматыда әр бесінші мопед тіркелген: Курьерлік қызметтер мотокөлікті көбейтіп жіберді
- Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды