Depositphotos

Қазақстан бизнесмендері 2020 жылы шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының назарына жиі ілігіп жүрді. Олар туралы жаңалықтар негізінде даулы мәселелер төңірегінде болатын.

Тимур Құлыбаев (54 жаста) – Forbesте ол Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмендерінің ішінен көш бастап 1-ші болып тұрса, Қазақстанның ең бай 50 бизнесмендерінің арасында екінші орында тұр. Байлығының мөлшері – $2 900 000 000.

Қазақстанның отқа оранған олигархтары
Flick

Аталған басылым 2008-2014 жылдар аралығындағы хат алмасу жазбаларын зерттей келе Құлыбаевтың газ құбырын тарту жұмыстарынан миллиондаған табыс тапқаны анық көрсетілген. FT – ға белгісіз біреуден келіп түскен хат-хабар ішіндегі көптеген құжаттар мен ақпарлар корпоративті деректермен дәлелденген – деп көрсетеді басылым. Олардың бірқатарын FT өз сайтында жариялады.

8 желтоқсан сейсенбі  күні inbusiness.kz хабарлауынша Құлыбаев  Қазақстанның Бас прокуратурасына FT жариялаған деректерді ресми тексеруді сұрап арызданған.

9 желтоқсанда журналист Том Берджес өзінің Twitterдегі парақшасында құжаттардағы деректердің қайдан алынғанына сілтеме жасай отырып, олардың зерттеу жұмыстарына негіз болғанын және Бас прокуратураның осы деректермен жете танысуын өтінді.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - timur-1024x341.jpg
FT
Казахстанские олигархи в огне

Болат Өтемұратов (63 жаста) – Forbes деректерінде ол Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмендерінің ішінде екінші, ал Қазақстанның ең бай адамдарының ішінде 4-ші орында тұр. Байлық мөлшері – $2 800 000 000.

2020 жылы Өтемұратов қандай істерімен есте қалды?

Американың  The Wall Street Journal газеті сот құжаттарына сүйене отырып, британ сотының Болат Өтемұратовтың активтерінің $5 миллиардын бұғаттағанын жазды. Оның себебі «БТА Банк» Өтемұратовты Мұхтар Әбләзовқа көмектескен адам ретінде банктың ақшасын қайтаруы туралы жауапқа тартып отырғандығы.

Қазақстанның отқа оранған олигархтары
ria.ru

Өтемұратов болса бұл айыптауларды мойындамады. Ол банктің ақшасын жымқыруға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. «Верный капитал» компаниясы да БТА Банктың бұл айыптауларының негізсіз екенін және банктің бас акционері ретінде оның бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

9 желтоқсан, сәрсенбіде ағылшын сотының шешімімен Өтемұратовтың активтерінен бұғаттау алынды. Бизнесменнің және БТА Банк өкілдері өзара келісімге келу нәтижесінде банк сотқа берген  арызын қайтып алатын болды.

«Біздің заңгерлеріміз аз уақыттың ішінде менің банкке байланысты қылмысым жоқ екенін нақты дәйектермен дәлелдеді. Мен үшін ең бастысы – ол менің тазалығым, атыма кір келтірмеуім», – деді Өтемұратов.

Қазақстанның отқа оранған олигархтары

Қайрат Боранбаев (54 жаста), Forbes-те ол Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмендері арасында 8, ал Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізімінде 10 орында тұр. Байлығы – $519 000 000.

Қазақстанның отқа оранған олигархтары
FC Kairat

2020 жылы ол қандай істерімен есте қалды?

Қараша айының басында Алматыдағы Ritz-Carlton отелінде пандемия кезінде тыйым салынғанына қарамастан 150 адам қатысқан көпшілік шара өтеді.  

Қазақстанның отқа оранған олигархтары
Ritz-Carlton в Алматы

Ritz-Carlton отелінің иесі – оны өзінің компаниялары арқылы басқарып отырған Қайрат Боранбаев. Алматының бас санитары Жандарбек Бекшиннің айтуына қарағанда бұл жерде  банкет өткізуге рұқсат берілмеген.

«Спортсмендерді марапаттау үшін бір реттік рұқсат қана берілген болатын. Қонақ үй басшысы тарапынан жіберілген қателік – ол бір реттік шара екенін атап көрсетпей, осыны олар өз мүмкіндігіне пайдаланған», – деді бас санитар.

Осының алдында ғана бірнеше күн бұрын Боранбаев бақылау кеңесіне төрағалық ететін  «Қайрат» командасы Қазақстан чемпионы атанған еді.

Марғұлан Сейсембаев (54 жаста), Forbes бойынша Қазақстандағы ең беделді 50 бизнесмендердің арасында – 21 орында.

2020 жылы Марғұлан қалай ерекшеленді?

Қазақстанның отқа оранған олигархтары

Биылғы жылдың күзіне қарай Марғұлан Михаил Саакашвилидің серіктесі болғанын және онымен Украинадағы офисте бірге жұмыс істейтінін жеткізген болатын.

Қазақстанның отқа оранған олигархтары
Facebook

Арманжан Байтасовтікі болып саналатын қазақстандық «Форбс» басылымына берген интервьюінде Марғұлан Саакашвилимен қалай танысқанын айтты. Шілде айында өткен онлайн-форумда Сейсембаев шағын макроэкономикалық шолу жасап, бұл шолуы эфирге Марғұланнан кейін шыққан Грузияның экс-президенті Саакашвилидің қызығушылығын тудырған. Саакашвилидің өзі көп ұзамай Сейсембаевқа телефон соғып, кездесуді ұсынған.

Қазақстанның отқа оранған олигархтары
Facebook

Марғұлан Сейсембаев vs Мұхтар Тайжан

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан 2016 жылы Жер реформасы жөніндегі комиссия құрамында болған. 2019 жылы ол Қоғамдық сенім жөніндегі Ұлттық кеңес құрамына енгізіліп, биылғы жылдың тамызында кеңес құрамынан шығып кетті. 

Қазақстанның отқа оранған олигархтары
YouTube

Сейсембаев пен Тайжан арасындағы Facebook-тегі соңы сотқа жеткен жекпе-жек биылғы жылдың сәуірінен басталды.

Сейсембаевтың позициясы

Сейсембаевтың айтуынша ол 2016-2019 жылдары Тайжанға қарызға 237100 доллар берген. Тайжан болса көп ұзамай әлеуметтік желіде Марғұланға қарсы пікірлер жариялай бастаған.

«Мен оған тура сұрақ қойдым «Муха, сен екеуміздің арамызда араздық туатынын сезгендеймін, не болып жатыр?» дегенімде, ол «Сен Ұлттық кеңесте мен жер туралы мәселені дұрыс көтермей жатырсың» деп кіналадың – деп жазды. Расын айтсам, мен жалпы алғанда Ұлттық кеңестің жұмысын сынадым, ал Тайжан туралы «нақты Мұхтар  жер мәселесін дұрыс көтеріп жатқан жоқ», – деген пікір менде болған емес.

Тайжанның позициясы

Тайжан көп ұзамай Сейсембаевты сотқа берді. Ондағы уәжі «жарияланған пікірлердің шындыққа жанаспайтындығы, ол пікірлер Тайжанның ар-намысына тиетін, оның іскерлігіне нұқсан келтіретіндігі».

Мұхтардың ойынша, Марғұланмен арақатынас 2019 жылдың сәуірінен бастап, яғни, «Ардагерлер одағы» Тайжанды президенттікке үміткер етіп ұсынған кезден басталды. Ал 2019 жылдың  желтоқсанында Сейсембаев оны алаяқ ретінде сотқа берем деген қоқан-лоққы жасаған.

Тайжан одан ақша алғандығын жасырмайды, бірақ ол ақша консалгтиндік қызмет үшін – Салық Кодексіндегі 448 бапты өзгертіп, ауылшаруашылығы өндірушілері үшін арнайы салық режимін заңдастыру үшін берілген ақша екендігін айтты.

Сот барысында өткен талқылаулар нәтижесінде еліміздегі кейбір заңдардың қалай қабылданатыны белгілі болды.

Тайжан 2019 жылы Сейсембаевтың ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаровпен кездесуін ұйымдастырып, олардың 448 бапты талқылауына мүмкіндік жасағанын жасырмады.

«Сендерге, барлық фирмаларға, солардың қатарындағы «Алель Агро» фирмасына да 448 бап арнайы салық режимін пайдалануға кедергі болатын. Сендер менен жұмысты осы бағытта жүргізуімді өтінген болатынсыңдар. Біз оны орындадық», – деді.

1999 жылдан бастап Қазақстанда лоббизм туралы заң қабылдауға талпыныс бар. Бұл идея жемқорлыққа қарсы күреске байланысты барлық бағдарламаларда, басқа да стратегиялық және заңдық жобаларға енгізіліп, тіпті парламенттік комитеттерге дейін талқыланғанымен, 2012 жылы бұл құжат мәжілістен қайтарылып алынды. Содан бері лоббизм туралы тек жемқорлыққа байланысты  форумдар мен конференцияларда ғана сөз болады.

Мұхтар мен Мағауияның арасындағы сот процестері бірнеше айдан бері жалғасуда. Келесі сот мәжілісі 30 желтоқсанда өтпек. Бірақ ол мәжіліс журналистерсіз өтеді.

Жомарт Ертаев (48 жаста) – банкир.

Қазақстанның отқа оранған олигархтары

17 қарашада жарияланған сот шешіміне орай Ертаев Bank RBK-ға тиісті 144 миллиард теңгені жымқырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылып, ол мерзімді қауіптілігі орта деңгейдегі  қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болды. Сонымен бірге қылмыскердің дүние-мүлкі тәркіленіп, сот оны 5 жылға дейін коммерциялық- қаржылық ұйымдарда материалдық жауапкершілігі бар қызметтерде істеу құқығынан айырды.

Қазақстанның отқа оранған олигархтары
finance.kz

Кейбір БАҚ деректері бойынша бұл істе барлық кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылмаған.

Қазір Жомартқа қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұл жолы онымен бірге 5 адам айыпқа тартылуда. Экс банкирге бұл жолы тағылғаны – «аса ірі көлемде біреудің мүлкін алдап, сеніміне кіру арқылы ұрлықты ұйымдастырушы» деген айып. 188,6 млрд теңгеден айырылып зардап шегушілер қатарында Bank RBK, « DSFK (ДСФК) Арнаулы қаржылық компаниясы» ЖШС-і, Евразиялық банк пен  таратылып жабылған Qazaq Banki бар.

Автор: Фариза Нарбекова

Аударған: Баян Танатарова