Қазақстандық Спортқа миллиардтар бөлу қажет пе?
Қазақстандықтарға спортты дамыту қаншалықты қымбатқа түседі? Өңірлердегі мемлекеттік тапсырыстарды сараптаулар мен есептеулерге сүйенсек, спортқа бюджеттен аз қаржы бөлінбейтінін байқалды. Мысалы, 2021 жылға 25 млрд теңгеден астам ақша бөлініпті.
Ал осы бөлінген қаржы спортты дамытуға, оны шын мәнінде бұқаралық спортқа айналдыру, отандық спортшылардың дүниежүзілік ареналарда еліміздің мәртебесін көтеретін жеңістерге жетелейтініне ықпал ете ала ма? Orda.kz осы мәселеге назар аударып, зерттеп көрді.
Қазақстанда кәсіби спортты дамытуға бөлінген қаржы мөлшері (18.03.2021. )
- Нұр-Сұлтан – 691 млн теңге;
- Алматы – 1,4 млрд теңге;
- Шымкент – 6,4 млрд теңге;
- Жамбыл облысы – 245 млн теңге;
- Ақмола облысы – 266 млн теңге;
- Атырау облысы – 3,2 млрд теңге;
- Ақтөбе облысы – 1,1 млрд теңге;
- Қарағанды облысы – 2,1 млрд теңге;
- Павлодар облысы – 1,2 млрд теңге;
- Солтүстік Қазастан облысы – 2,6 млрд теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы – 2,5 млрд теңге;
- Батыс Қазақстан облысы – 973 млн теңге;
- Қостанай облысы – 1,3 млрд теңге;
- Маңғыстау облысы – 966 млн теңге.
Осындай миллиардтаған қазына қаржысына өңірлерде хоккей, футбол, шахмат және басқа да спорт түрлерін дамыту жоспарлануда.
Нұр-Сұлтан

Мына спорт сарайында волейболдан жарыстар өткізу, велоспорттың құрама командасын,баскетбол және стол теннисінен дүниежүзілік жарыстарға дайындықтар жүргізіледі.
Алматы

Баскетбол, хоккей және футбол командалары «жүлделі орындарды» иеленуі үшін осы жерде дайындалуға жарты миллиард теңге жұмсалмақ.
Шымкент

Қала басшылары 6,2 млрд теңгені «Ордабасы»футбол клубына беруді ұйғарыпты.
Аталған футбол командасы еліміздегі ең бай футбол командасы болып есептеледі. Оның бюджеті жыл сайын өсіп отырады. Алайда «Жүлделі орындарды» иеленуге қаржы жеткілікті болып тұрса да бұл футбол командасы бір де бір рет чемпиондар тізіміне кіре алмапты.
Павлодар облысы

Облыста баскетбол, волейбол, басқа да спорт түрлерін дамыту жоспарланған. Бірақ, былтыр республикадағы ең әйгілі «Иртыш» футбол командасы өз жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған еді. Өйткені бұл команда бюджетке миллиард теңге қарыз болып қалған.
Қарағанды облысы

Облыстың спорт бюджеті спортты дамытып қана қоймай, «Чемпиондармен шәй үстінде» және «Арена»телевизиялық бағдарламаларын ұйымдастыруды қарастырып отыр.Жергілікті телеарналар оларға бөлінген 10 миллион теңге үшін спорт жаңалықтарын, репортаждар беріп, жарыстардың жарнамасын жасап, спортшылар мен бапкерлермен интервью жүргізеді.
Жергілікті журналистер бұған қоса есімдері елге белгілі қарағандылық спортшылардың әлеуметтік желілердегі аккаунттарына шолу жасап,Қарағанды спортының тарихын жазады.
Телеарналардағы бағдарламалар мазмұны мемлекеттік ақпараттық саясатқа сай жүргізілуі қарастырылған.
Белгілі спорт журналисі Иван Резванцевтің айтуынша, мемлекет тарапынан спортқа бөлініп отырған қаржыны қомақты, көп деп айтуға тұрмайды.

— Мысалы «Ордабасыны» алайық. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұған дейін бөлініп отырған қаржыны ескерсек, 6,2 млрд.теңге қазақстандық футбол үшін көп емес. Биыл футбол клубтары шығындарын тартуға бел буды. Осыған байланысты ма ,отандық футбол клубтарынан кеткен легионерлер саны биыл көп болды. Сондықтан жергілікті футбол клубтарының бапкерлері енді легионерлерге емес, өз футболшыларын дайындауға көңіл бөле бастады, – дейді Резванцев.
Иванның ойынша, қазақстандық футбол командаларының басшылары мемлекеттік дотацияға әбден сүйеніп кеткендіктен, футболды дамытудың тек қаржылық жағынан басқа жолды немесе футболды басқаша дамытуға бас қатырмайды. Бұл жерде ол футболды дамытудың сербтік үлгісіне көңіл аударып отыр.Сербияда барлық футбол клубтары жекеменшіктің қолына берілген. Олар қазынадан қаржы алмайды.
— Осы жолмен дамыған сербтік футболшылар легионерлер санымен бразильдік клубтарды қуып жетті. Ресей футболында да біз үйренерлік тұстар бар. Көрші мемлекетте халыққа тиесілі жер қойнауы байлығын емін-еркін игеруге мүмкіндік берілген олигархтарға кәсіби спортқа көңіл бөлу, оларды қаржыландыру міндеттелген – дейді спорт журналисі.
Қазақстандық спортшылардың кейбір спорт түрінен дүниежүзілік рейтингте алдыңғы қатарда екенін ескерген спорт журналисі бізде де өте тәжірибелі бапкерлер бар екенін айта келіп, олар ұдайы түрде қаржымен қамтамасыз етіліп отырмаса да нәтижелі көрсеткіштерге жетіп жатқаны үшін олар үлкен құрметке лайық екенін атап өтті.
Әуесқой және кәсіби спорттың мемлекет қазынасынан қаржыландырылуы сияқты кеңестік жүйеден бас тартып, енді еліміздегі спорт саласын мемлекеттің қаржысына тәуелділіктен ажырататын кез жеткен сияқты, дейді Иван.
«Еліміздегі спорт саласына қазір заңнамалық негіздегі реформа керек. Ол өзгерістерді жүзеге асыру үшін тиісті заң қажет».
— Біз қазір Қазақстанда олимпиадалық ойындардық барлық түріне қаржы бөліп жатырмыз. Мұндай «мырзалықты» қазіргі дүниеде тек экономикасы озық елдер – АҚШ,Қытай мен Ресей,Ұлыбритания ғана жасай алады. Қалған елдер спорттағы бәсекелестікті сақтау үшін шамасы жеткен спорт түріне ғана көңіл бөліп, соған сәйкес қаржы бөліп отыр. Біз де осыған келуіміз керек – дейті спорт журналисі.
Автор: Рахат Даулбаев
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық