Қазақстандағы журналистиканы шетелде жалғастырғандардың халі қалай?

cover

2019 жылдан бастап Қазақстанда байланыс және ақпарат құралдары өкілдерінің құрметіне 28 маусым тұрақты түрде «Журналистер күні» болып бекітілді.

Оrda.kz редакциясы Қазақстаннан қоныс аударып кеткен журналистерді де кәсіби мерекесімен құттықтайды. Отандық БАҚ-тан алшақ кеткен журналистерден бүгінгі күнде жұмыстарының қалай жүріп жатқанын сұрап көрдік.

Мерхат Шәріпжанов «Азат Еуропа/Азаттық» радиосында 1995 жылдың наурыз айынан бастап 26 жыл жұмыс істейді, алдымен Мюнхенде тұрып, кейін Прагаға көшіп келеді. Соңғы 13 жыл - Орталық жаңалықтар бөлімінің аға редакторы. Ағылшын тілінде жазады және өңдейді.

Как там наши за бугром? Где профессия журналиста важнее и нужнее
Мерхат Шәріпжанов

—  Журналистика мен үшін күнкөріс көзі ғана емес, жаныма жақын өнер. 1995 жылғы үлгідегі Қазақстаннан кейін «Азаттық радиосында» жұмыс істеу өте қызықты болды. Журналист өзін еркін сезінетін жерде ғана еркін болады. Мұндай мүмкіндіктер Еуропада, АҚШ-та, Канадада және т.б. елдерде көп.

Мерхаттың айтуынша, Қазақстандағы журналистика төртінші билік саналуы үшін басқа салалар да тәуелсіз болуы керек, мысалы: атқарушы, сот және заң шығарушы. Осының барлығына біреуі ғана басымдық ұстап тұрса, онда төртінші билік туралы айтудың қажеті жоқ.

— Мен журналистиканы батыстық немесе басқа деп бөлмес едім. Еркін, тәуелсіз журналистика және саяси топтар мен бизнесмендердің және үкіметтің қолдауымен құрылған журналистика бар. Аталған екеуінің көрінісін барлық елде бар әрине, деңгейі әртүрлі.

Журналист және жазушы Ирина Сергеева 2012 жылы Калининградқа көшкен

Как там наши за бугром? Где профессия журналиста важнее и нужнее
Ирина Сергеева

— Қазақстан журналистикасы Ресей журналистикасына қарағанда зиялы және адамгершілік қағидаларын ескереді. Тележурналистика — әлдеқайда кәсіби. Ресейде блог жүргізу қызықты. Ал ресми ресейлік журналистика — формасы мен мазмұны жағынан адамгершілікке қарсы нәрсе. Қазақстандық журналистика қазір төртінші билік болып табыла ма, деген сұраққа мен ештеңе айта алмаймын. Қазақстанда журналистік үдерістерді бақылаған жоқпын. Мен «Калининград арман сияқты» блогын Яндекс-зенде жүргіземін, ол жерде мұнда адамдардың тұрмыс салты қандай екенін айтамын.

2012 жылы Ресейге түбегейлі қоныс аударып қазақстандық журналист Леон Костевич кетті. Қазір Калининград газеттерінің бірінде жұмыс істейді.

Как там наши за бугром? Где профессия журналиста важнее и нужнее
Леон Костевич

— Қала әдемі, жайлы және қазақстандық үшін ерекше деуге болады. Ресейде жақсы-ақ тұрып жатырмын, бірақ Алматы туған қалам болған соң қатты сағындым. Журналистикаға мен қатаң қараймын, себебі мен оған көп жылымды арнадым, екінші жағынан көптеген журналистер әртүрлі жағдайға байланысты ары қарай әрекет етпейді. Дегенмен де бұл мамандық өкілінің жеке қасиеттері туралы әңгіме.

Қазақстандағы журналистика төртінші билікке жатпайды. Сіздер алматылық трамвай мен әр алматылық үшін қымбат ғимараттарды сақтап қала алмадыңыздар. Бұдан арғысы айтуға тұрарлық па? Мен журналистикаға көп жылымды арнадым. Ол өте жақсы жылдар еді – мен қызықты адамдармен жұмыс істедім, пайдалы дүние тындырдым деп ойлаймын.

Ресейлік БАҚ артықшылығы мен кемшілігі ұқсас, себебі бұл жақта да үлкен қаладағы журналистер кәсіби және мықтырақ.

Белгілі қазақстандық журналист, ҚР Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай қазір отбасылық жағдайына байланысты Норвегияда.

Как там наши за бугром? Где профессия журналиста важнее и нужнее
Бибигуль Жексенбай

— Норвегия бұқаралық ақпарат құралдары халық арасында үлкен абыройға ие. Газет бетінде басылып, теледидарда көрсетіліп немесе радиода айтылғандардың барлығы шынайы нәтижеге ие болады.

Журналист материалынан кейін министрлер отставкаға кетуі мүмкін. Мысалы, ел премьер-министрі Э́рна Сульберг 60 жас мерейтойына 10-нан аса адам шақырған. Бұл туралы газетте жазған. Нәтижесінде ол сол газет бетінде кешірім сұрап, айыппұл төледі. Премьер орнында қалды, бірақ ол күзде өтетін парламент сайлауында өз әсерін тигізетін болады.

Норвегиялық БАҚ-тың тағы бір ерекшелігі: мұнда баспа ғимараттары халық арасында үлкен сұранысқа ие, олардың саны азая қоймаған. Сауда кешендері мен дүкендердің барлығында газет сатылады, газет бетіндегі жарнамалар теледидардан кем емес. Телевизия қоғам қаржысына жұмыс істейді – елдің барлық тұрғыны телеарналарға жазыла алады.

Ирина Галкина Испанияда тұрады

Как там наши за бугром? Где профессия журналиста важнее и нужнее
Ирина Галкина

— Мен әлі де қазақстандық БАҚ үшін жазамын. Испан журналистерінің қатарына қосылу үшін испан тілін ана тілі деңгейінде білу керек, бұл мүмкін емес. Менің ондай мақсатым жоқ. Жалпы, шынын айтқанда, мен журналистикадан бұрын алған нәрсемді, яғни рахат пен лайықты қаржыны ала алмаймын. Қазір мен өмір сүру және саяхаттау үшін басқа жолдармен ақша табамын, бірақ журналистикадан емес.

Вера Ляховская-журналист, копирайтер, SMM маманы. Ол Ресейге 2019 жылы көшіп кеткен

Как там наши за бугром? Где профессия журналиста важнее и нужнее
Вера Ляховская

— Бүкіл өмірімді Қазақстанда өткіздім, қазіргі таңда Санкт — Петербургте тұрамын. Қазір мен интернет-маркетинг пен копирайтингке бет бұрдым, бұл қазір өте танымал сала. Журналистикада фрилансер ретінде қалдым, менде әртүрлі БАҚ-тан тапсырыстар бар, олар тұрақты, бірақ жиі емес. Мен мамандықта жүрмін деп айта алмаймын, дегенмен оның трендтерін қадағалаймын. Мен журналистердің, әсіресе интернет-басылымдардың қателіктерін көремін, олар топтамаға кіруге асығады. Бұл материалдың сапасына өте жаман әсер етеді. Бұл барлық елдерге қатысты, мен шетелдік дереккөздерді бағалай алмаймын.

Кішкене ғана қызды осы дәрежеге көтерген Қазақстан журналистикасына ризамын. Әлі күнге дейін еске аламын. Әріптестеріме гүлдену, жаңадан келген журналистерге ұқыптылық пен кәсіби шығармашылық тілеймін, керемет толыққанды материалдар жасап, кейіпкерді және өзіңізді ашыңыз!

Аударған: Бек Байтас

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар