Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға тегін әскери техника береді

Сенат депутаттары Қырғызстан мен Тәжікстанға әскери көмек көрсету туралы бірнеше келісімді ратификациялады.
2021 жылғы 2 наурызда Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
– Келісім қырғыз тарапына әскери мүлік, оқ-дәрілер мен арнайы техниканы бір реттік беруді қарастырады. Әскери техниканы Қырғыз Республикасының Қойташ ауылына автокөлікпен жеткізу шығындарын – қазақстандық тарап қамтамасыз етеді және өз мойнына алады. Қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тұлғаға бермейді, - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев
Ол Қырғыз Республикасына әскери мүлікті беру Қазақстанның жауынгерлік әзірлігі мен қорғаныс қабілетінің жай-күйіне әсер етпейтінін атап өтті, өйткені көмек Қарулы Күштердің биылғы жәрдемақысының артық қорынан беріледі.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әскери-техникалық көмек көрсету туралы екінші үкіметаралық келісімге 2021 жылдың 17 сәуірінде қол қойылған. Құжатта әскери мүлікті, атап айтқанда, оқ-дәрілерді тәжік тарапына бір реттік беру қарастырылған.
– Қазақстандық тарап әскери техниканы Жамбыл облысының Отар станциясынан Душанбе қаласына темір жол көлігімен жеткізу шығындарын қамтамасыз етеді және өз мойнына алады. Тәжік тарапы алынған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тұлғаға бермейді. Айта кету керек, әскери мүлікті Тәжікстан Республикасына беру Қазақстанның жауынгерлік әзірлігі мен қорғаныс қабілетінің жай-күйіне әсер етпейді, өйткені көмек Қарулы Күштердің биылғы жәрдемақысының артық қорынан беріледі, - деді Руслан Шпекбаев.
Жаңалықтар
- «Қазақстандағы түрме азабы»: «Қара генерал» ісіндегі шезофрениямен ауыратын сотталушының қор болған ғұмыры
- Жезқазғанда «Шерзат ісіне» ұқсас қылмыстық іс қайта қаралып жатыр
- «Әкімдіктегі жемқорлық»: Ақтөбеде мердігерді қорқытып пара алған шенді әкімді сотқа шақырды
- Салық кодексіне өзгерістер енгізілді
- «Жетімін жылатпаған қазақ»: Қонаевтағы балалар үйінің жағдайы қалай?
- Нұржан Бексұлтанова халықаралық жүлдеге ие болды
- Прокурор Алматы әуежайында шу шығарған ер адамды 10 жыл 6 айға соттауды сұрады
- Шағын және орта кәсіпке арналған «Өрлеу» атты жаңа бағдарлама іске қосылды
- «Жаза бәріне ортақ»: Премьер Бектенов Назарбаевтар әулетіне қатысты тергеу ісі туралы айтты
- Олжас Бектенов Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы ма? Премьер өзі түсініктеме берді
- Жәбірленуші бола тұра қылмыскер атандым: Аяусыз пышақталған жасөспірімнің анасы әділдік сұрайды
- Мен халыққа жақсы атану үшін «тариф өспейді» деп айтқым келмейді – премьер-министр
- Перизат Қайраттың Араб Әмірліктерінің билеуші әулетімен байланысы бар
- Алматыда ер адам сүйіктісінің өгей әкесін бауыздап өлтірді
- Атыраулық көпбалалы ана сүндетке отырғызу бағасына наразы болды
- Тоқаев әскери-әуе күштері қолбасшысын қызметінен босатты
- Алматыда ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті
- Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын босатылмайды
- Семейде қылмыс әлемінің серкесі Лёха Семипалатинскийге ескерткіш орнатылды
- Ақтөбеде түнде полиция бөліміне рұқсатсыз кіргендер қамалды