Қазақстанға келген туристерге салық енгізілмек. Оған не себеп болды екен?

cover

pixabay.com

Дүниежүзілік туристік ұйымның тұжырымдауынша қазір дүниежүзінде туристік саяхаттар бұрынғыға қарағанда үш есе азайған. Бірақ, қазақстандық депутаттар үшін бұл көрсеткіш онша назар аударарлық мәселе емес тәрізді. Өйткені олар елімізге шетелдерден келетін туристерге салық төлетуді ұйғарып, соның есебінен туризм саласының жалпы ішкі өнім көрсеткішін 8% дейін өсіруді мақсат етіп отыр.

Сенаторлар туризм туралы заңға өзгерістер енгізуді қолдады. Осыған байланысты бізде айрықша артықшылықтар берілген туристік аумақтардың картасы жасалып, шетелдік саяхатшылар ол жерлерді көруі үшін арнайы жарна төлеуі міндеттелетін болды. Бұл норма 2022 жылдан бастап жүзеге асырылмақ. Үлкен үміт артып отырған туризм саласында тағы қандай өзгерістер болмақ? Orda.kz редакциясы осы мәселені зерттеп көрді.

Кейбілеулер біздің қазақи қонақжайлылығымыз бен дәстүріміз қайда қалды – деп таңқалуы да мүмкін.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бұл өзгерістердің тиімділігіне қалтқысыз сенімді, өйткені оның айтуынша, ол өзгерістер дүниежүзілік тәжірибелерге сүйеніп жасалған. Ең бастысы – бұл өзгерістер аймақтарда қосымша табыс көзін табуға бағытталған. Жарналық мүшенің мөлшері әлі талқылануда, алайда оның мөлшерін жергілікті мәслихаттар бекітетіні белгілі болды.

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
Сурет: ortcom.kz

Туристік саланың жаңа мүмкіндіктері осы салаға жақсы қолдау болмақ. Осының нәтижесінде жарнадан түскен қаражат туризмге қажетті нысандар құрылысын салуға, автокөліктер сатып алуға, басқа да жабдықтармен қамтуға, әр туристке берілетін субсидия ,т.б. шығындарға жұмсалады.

Райымқұлованың есебінше, бұл өзгерістерді енгізу бюджетке қосымша 135 млрд. теңге кіріс әкелумен қатар 170 жұмыс орны ашылып, 1000 астам жобаны жүзеге асыруға ықпал етеді. Аталған тәжірибенің басқа елдерде жүзеге асырылуы қалай, ал бізде ше?

Туристік салықтар – бұл кереметтей көлемді салық емес. Ол негізінен, туристердің қалада орналасуынан, яғни, түнеп шығатын орнынан түсетін қаржыдан құралады. Оны туристерге үйлерін жалға берушілер немесе туристік компаниялар жинақтайды.

Туризмдегі салықтар қандай болады?

Туристер мен туризмді ұйымдастырушыларға бірнеше түрлі «туристік салықтар» белгілі: қалалық, курорттық, экологиялық, туристік және басқа төлемдер.

Туристік саладағы өзгерістерге, әсіресе, аймақтар көп үміт артып отыр. Мысалы, Шымкентте туризмді дамытуға жыл сайын 150 млн. теңге бөлінеді. Әкімдік туризмдегі жаңа салықтар бұл соманы көбейтеді дегенге сенімді.

— 2025 жылға дейінгі туризмді дамыту бағдарламасындағы көрсеткіштер бойынша туризм саласындағы ЖІӨ-ді 8 пайызға өсіру көзделген. Қазіргі қабылданып жатқан өзгерістер туризмді дамытуға ықпал етері сөзсіз – дейді аймақтағы туризмді дамыту басқармасының басшысы Олжас Шынтаев.

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
pinterest.com

Туризм жөнінен Дүниежүзілік Кеңестің 25 наурызда жариялаған деректері бойынша 2020 жылы коронавирустың кесірінен туризм саласына $4671 трлн шығын келген. Ал осы саладағы ЖІӨ деңгейі әр елде әртүрлі деңгейде екендігін байқатты - 0,5- тен79,4%.

Туризмнің экономикаға тиімділігін зерттеген Дүниежүзілік туризм ұйымы мемлекеттердің туризмді қосымша қаржы көзі мен жұмыс орнын құрушы ретінде есептемейтініне назар аударды.

Қазақстан осы тізімде дүниежүзі мемлекеттері арасында 129 орында екен. Туризм саласындағы ЖІӨ көрсеткіші 6,2%, ал қаржылық көлемі $7,9 млрд.

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
forbes.kz

«Корона дағдарысы» кезінде 2020 жылдың үш тоқсанында елімізге шетелден келетін туристер саны 4 есе азайып, 1,8 млн. адам ғана болған. Ішкі туризм де 60,3 пайызға дейін төмендеп, 3,1 млн. адамды құраған – дейді қазақстандық сарапшылар.

Бүгінде туризм саласын тығырықтан алып шығатын жаңа ұйым белгіленді. Ол - Qazakhstan Travel and Tourism Council. Бұл ұйымға көп үміт артылып отыр. Орталықтың басқарма төрағасы Гаухар Жеңісбектің айтуынша туризм саласындағы дағдарыстың басты мәселесі – оның аймақтарда әрқилы нарықтық жағдайда болуы.

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?

—Туристерден салық алынатын шешімге біз теріс қарамауымыз керек. Туристен алынатын салық – көп ақша емес, 1000 теңгенің төңірегінде ғана. Ал шетелге барсақ, ол жерде қанша салық төлейтінімізді бірден ескертеді, мысалы, қалалық жер болса 10 доллардан 5 долларға дейін. Ол жерде ешкім «не үшін төлеймін?» деп сұрамайды. Бірақ, расын айту керек, біздің салық пен Дубайдың немесе Европаның салығын салыстыруға келмейді. Қалай десек те, біз заңға енгізілген өзгерістерді қолдадық. Олай болмаған күнде, қаржы түспесе - туризмді дамытып, оны көтере алмаймыз…

Туризм саласына салық енгізу туралы бастама 2018 жылы да Kazakh Tourism ұлттық компаниясы тарапынан көтерілген болатын. Алайда ол кезде бизнес қауымы мұндай салықтан қорқақтап, бұл ұсынысты қабылдамаған еді.

Гаухар Жеңісбек туризм саласына бөлінетін қаржының мардымсыз екеніне тоқтала келе, бұл салаға бюджеттен қалған-құтқан ақша бөлінетініне қынжылды.

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
kolsaytur.kz

— Қызмет көрсету саласының қайсысы болмасын мемлекеттен инвестиция алуы керек. Олай болмаса бұл саланы көтеріп дамыту мүмкін емес. Бірақ біз қазір саланы дамытуға ақырындап көңіл бөле бастадық. Қазақстан үшін бірдей Bed Tax қажет. Туризмнен түскен ақша сол аймақтағы саланы дамытуға жұмсалады. Ол ешкімнің қалтасында кетпейді.

Қазақстандық туристік фирманың директоры Алексей Тычининнің айтуынша, туризм туралы заңға өзгеріс енгізілгені дұрыс. Бірақ ол өзгерістер бұған дейін орын алып келген мәселелерді шешуі екіталай, өйткені ол мәселелер мемлекеттік деңгейде қаралуы керек, ал заңдағы өзгерістер әзірге туризм саласын дамытудағы алғашқы қадамдардың бірі ғана – дейді.

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
instagram.com/alexsey_1

— Біз барлық саладағыдай, қабылдаған шешіміміз кештеу болып шығады. Көп елдерде туризмге енгізілген салық инфрақұрылымды дамытуға, ақшаны өз елінде қалдыруға және дамуды инвестициялауға арналды. Мысалы, Араб Эмиратында көшеде жүру өте ыңғайлы, өйткені онда көшедегі аялдамаларда кондиционерлер істеп тұрады. Ерте ме, кеш пе, әйтеруір, өзгерістерді бірдеңеден бастау керек қой. Қазақстанға келген адам 1000 теңгеден кедей болып қалмайды. Ал мұндай кіріс түрі таңдаулы туристік аймақты дамытуға көмек болатыны сөзсіз.

Тычининнің пайымдауынша, ең басты қиындық – қаржыны бөлу. Түскен қаржы туристік өңірді дамытуға ғана жұмсалса – онда мәселе жоқ.

— Біздің елімізде, өкінішке қарай, қаржы жағына келгенде ашықтық жоқ, көлеңкелі тұстар көбейіп кетеді. Соның бірі – Алматыдағы BI Group компаниясы салған модульді ковид госпиталі. Біздің саламызда да әркім ойына келгенін жасайтын болса, онда түскен қаржының бәрі әркімнің қалтасында кететіні рас. Осы себептен де көбіміз жаңа бастамаларға сеніңкіремейміз.

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
Боровое. Фото с сайта m1.35photo.pro

Алексей назар аударған тағы бір мәселе – ол біздің еліміздегі демалудың басқа елдерге қарағанда қымбаттығы. Бізде қызмет сапасы мен бағалар бір-біріне сәйкес емес. Қараңыз, Шарын шатқалында бір адамның тамақтануына 40 мың теңге жұмсалады. Ал Дубайда бұл ақшаға үш рет ресторанға барып тамақтануға болады. Бурабайға бару бір адамға 250 мың теңге тұратын болса, сол ақшаға сіз Египетке ұшып бара аласыз, онымен қоймай all inclusive аласыз.

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
vmireinteresnogo.com

Сарапшылар мұнымен келіседі. Әдетте, туристер Қазақстанға қысқа мерзімге келмейді. Біздің тамаша табиғатымызға олар тамсана қарайды. Бірақ біздегі туристік мекендер арасы бір-бірінен өте алшақ. Европалық туристерді біздегі инфрақұрылымдық нысандардың жоқтығы да шошытады.

Туристік салықтарды негізінен туристерге белгілі қала әкімдігі белгілейді. Кейбір елдерде жарна төлеу заңдармен бекітіледі. БҰҰ-дағы Дүниежүзілік Туристік ұйымы да мұндай жарналарды декларациялаған.

Қысқасы, салықтың мұндай түрі барлық елде бар. Сирек жағдайларда бизнес-отельдерде ғана төленбейді. Онда да сен сапарыңның туристік емес екенін дәлелдеген жағдайда ғана төлемейсің.

Төлем ережесі?

Турист қонақ үйге немесе келісілген басқа жерге қонатын болғанда түнеу ақысына салық қосып төленеді. Төлем сіз тапсырысты онлайн бердіңіз бе, телефон арқылы бердіңіз бе немесе көшеден келіп қондыңыз ба – бәрібір төленуі керек.

Туристік төлем қай елдерде белгіленген?

Көп елдерде төлем мөлшері «туристік пакетке» жазылған. Ал өз бетінше саяхаттап жүрген турист сол қоныстанған жерінің ережесі бойынша төлейді. Әр елде туристік салық пен оларды төлеу ережелері әртүрлі деуге болады.

Германия

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
100dorog.ru

Kulturförderabgabe — бұл мәдениетке төлейтін салық, немесе Bettensteuer — бұл төсек орынға төлейтін салық болып бөлінеді. Салық бір адамның бір түн қонғанына 0,50 евродан 4 евроға дейін немесе номер бағасының 7,5 процентін төлейді. Мысалы, турист болсаңыз, сізден Берлинде номер бағасының 5 процентін алады. Іскерлік сапарда жүргендер салықтан босатылады. Ал Германияның ең адам көп баратын қаласы саналса да Мюнхенде мұндай салық түрі мүлдем жоқ.

Греция

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?

Грецияда туристік салық 2018 жылы енгізілді. Шағын отельде қонған турист күніне 0,5 евро, 3 жұлдызды отельге - 1,5 евро, 4 жұлдызды үшін – 3 евро, 5 жұлдызды отельге – 4 евро төлейді.

Италия

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
tourprom.ru

Италияда туристер төлейтін салық Tassa di soggiorno деп аталады. Салық мөлшері отельдің жұлдызына, қонған күніңе, қаланың мәртебесіне қарай алынады. Балаларға жеңілдіктер бар. Мысалы, Римдегі отельдерге бір күн үшін 3-7 евроға дейін төленеді. 10 жасқа дейінгі балалар салықтан босатылады.

Болгария

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
pixabay.com

Болгарияда қала немесе курорт салығы турист тұрған ауданы мен отельдің жұлдызына қарай төленеді. Қала салығы бір түн үшін бір адамнан 0,1 – 0,72 евроға дейін алынады. Курорт салығы турист тоқтаған ауданына байланысты.

Хорватия

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
internationalinvestment.biz

Хорватияда 18 жастан асқан демалушылар төлейтін салықтың аты Sojourn Tax – яғни, осы жерде тұрып жатқаның үшін деп аталады. Бір күнге 1,34 евро төленеді. 12-ден 18-ге дейінгі балаларға 50 пайыздық жеңілдік. Ал 12 жасқа дейінгі балалар салықтан босатылған.

Нидерланды

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?

Нидерландыда туристерден алынатын салық Toeristenbelasting деп аталады. Мұндағы бағалар да отельдердің рейтингіне сәйкес келеді. Кейбір отельдерде туристер мүлдем салық төлемейді. Амстердамда номер бағасының 7 проценті алынады.

Испания

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
tourdom.ru

Егер сіз Ибица немесе Майоркаға бет алсаңыз, туристік салық мұнда жоғары болады. Ал Балеар аралдарында 16 жастан асқан әр туристке кесімді мөлшердегі салық төлетеді. Бай отельдерде күніне 4 евро, орта отельдерге – 3 евро, аппартаменттер мен круиздік лайнерлерге 2 евро, кемпинг пен жатақханаларға - 1 евро салық төлейсіз. Қараша мен сәуір айлары арасында салық мөлшері 75 процентке дейін азаяды.

АҚШ

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
sitekid.ru

Уақытша тұрғаны үшін салық, яғни тұру мерзімі 30 күннен аспаған жағдайда, штаттардың көбінде туристік салық төленеді. Ол салық қала бюджетіне аударылады. Нью-Йоркте 2013 жылдан бастап қонақ үйлердегі салық 5,9% мөлшерде, ал New York State Hotel Unit Fee деп аталатын салық мөлшері бір күнге $1,5 болып бекітілді.

Франция

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
tourprom.ru

Taxe de Sejour туристік салығы қызмет сапасына және тұрмыс деңгейіне байланысты. 0,5 – 4 евроға дейін бір түн үшін алынатын салық бағалары service-public.fr сайтында толық көрсетілген. Бұған қосымша тағы да 0,23 – 4,60 евроға дейін қосымша салық төлейсіз. 18 жасқа дейінгілер салықтан босатылған.

ОАЭ

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
rabotainternet.com

Эмиратта туристік салықты қонақ үйге қоныстану алдында төлейсіз. Туристік жарна қанша түнейтініңізге байланысты. Жарнаның мөлшерін курорттың иелері белгілейді. Ол қону бағасынан бөлек сома болып айқындалады. Оған орналасқан номеріңнің артықшылықтары да есептеледі.

Жапония

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
votpusk.ru

Жапонияда туристер салығы елден қайтып шығарда төленеді. Оның мөлшері шамамен 10 доллар. Салық төлемейтіндер санатына ұшқыштар мен корабльдердің экипажы, депортацияланған адамдар, 2 жасқа дейінгі балалар мен транзиттік жолаушылар жатады.

Ресей

В Казахстане будет налог за отдых: все ли хорошо?
GETTY IMAGES

Туристер салығы 2018 жылдан бастап Алтай мен Ставрополь өлкесіндегі санаторийлер мен курорттарда жататындарға енгізілді. Бір күнге төлейтін салық мөлшері 30 және 10 рубль мөлшерінде. Ал шілде айынан бастап Краснодар өлкесіндегі Анапа, Геленджик, Сочи, Туапсе, Горячий ключ сияқты санаторийлер мен курорттарда күніне бір адамнан 10 рубль салық алынатын болды. Салық төлемегендерге салынатын айыппұл мөлшері 500 ден 2 мың рубльге дейін.
Жалпы алғанда, жер шарының 40 мемлекетінде тек келіп көргенің үшін төленетін туристік салық бар.

Авторы: Александр Смолин
Аударған Баян Таңатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар