«Ауылға Valentino, Нью-Йоркке Fendi»: Әлназарованы Мелания Трамппен салыстырды
Фото: instagram/ Ақмарал Әлназарова
Әлеуметтік желіде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың киім үлгісі қызу талқыланып жатыр. Денсаулық сақтау саласындағы сын мен шағым көбейген шақта малынып киініп алып жұрт алдына шыққан министрдің бейнесі желі қолданушыларының наразылығын туғызды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қыркүйек айында Нью-Йоркте түсірілген фотосуреттерде министрдің қолында шамамен алты мың доллар тұратын Fendi сөмкесі, ал аяғында Ferragamo брендінің шамамен мың долларлық туфлиі болған.
«Министр люксті жақсы көреді екен және қымбат аксессуарлардан тартынбайды. Қызық, мұның бәрін кімнің есебінен алған?» деп жазады Threads қолданушылары.
Бұған дейін қоғам министрдің ауылға Valentino туфлиімен барғанына наразы болған.


«Денсаулық сақтау саласын басқарып, ауылдарға барып жүріп, осындай люкс киім кию қаншалықты орынды?» деп жазды желідегі пікір білдірушілердің бірі.
Дегенмен желіде министрді қорғаушылар да табылды. Олар Әлназарованы Батыстың бірінші ханымдарымен салыстырды.
«Мелания Трамп немесе Брижит Макрон қымбат киім кисе, олардың талғамы мен сымбатына сүйсінеді. Ал біздің әйел абыройлы көрінсе, бірден “ақшаны қайдан алды?” деп сұрайды» деп жазды кейбірі.
Бірақ басқа қолданушылар министрдің шамамен бір миллион теңге көлеміндегі жалақымен мұндай сәнді гардеробқа қалай қол жеткізетініне күмән келтірді.
Бұған дейін Orda.kz Әлназарованың киімдерінің бағасына қатысты түсініктеме беруден бас тартқанын жазған. Брифинг кезінде журналистер брендтер туралы сұрақ қойған кезде, модератор оларды «тақырыпқа сай сұрақ қоюға» шақырған болатын.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды