Ауыл тұрғындары қуана- қуана дауыс беріп жатыр

cover Фото: Orda.kz

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылында жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс беру басталды.  Orda.kz тілшісі ауылдағы сайлау учаскелерінің бірінен жағдайды бақылап, ақпарат таратады.

Ауыл тұрғындары референдумды ерекше күн ретінде қабылдап, бір-бірін құттықтап жатыр. Кейбірі бұл күнді ел болашағы үшін маңызды қадам деп бағалайды.

Жергілікті ақсақалдардың бірі өз сөзінде америкалық ғарышкердің әйгілі сөзін мысалға келтірді. Оның айтуынша, «адамның кішкентай қадамы – адамзаттың үлкен қадамы» деген сөз жаңа заңды қабылдау мәселесіне де қатысты. Ақсақалдың пікірінше, қабылдануы мүмкін жаңа заң елдің болашағына кепіл болмақ.

Ал ауыл тұрғыны Сүйіндіков Ғафуржан Бектенұлы референдумға қатысудың азаматтық міндет екенін айтты.

«Бүгін барлық Қазақстан азаматтары секілді өзімнің азаматтық борышымды орындауға, дауыс беруге келіп отырмын. Жаңа Конституцияны қабылдайтын референдум өте маңызды. Өйткені әрбір ел — ол да бір отбасы сияқты, ол да дамиды. Біздің еліміз ары қарай дамуы керек. Ал даму үшін Ата заңымыз, жаңа Конституция қажет деп ойлаймын», — деді ол.
 

Өтеген батыр ауылындағы учаскелерде дауыс беру қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Тұрғындар таңертеңнен бастап келіп, өз таңдауларын жасауда. Orda.kz тілшісі референдум барысын бақылауды жалғастырады.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар