Атырауда енесін пышақтап тастаған әйел сотталмады

cover Фото: gov.kz

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот егде жастағы енесін өлтіргені 38 жастағы әйелдің ақыл-есі дұрыс емес деп таныды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қайғылы оқиға өткен жылдың көктемінде Атырау облысындағы Жасқайрат ауылында болған.

Сот-медициналық сараптама денсаулығына байланысты төсекке таңылған 82 жастағы әйелдің басына бес рет пышақ сұғылғанын анықтады. Алған жарақатынан үлкен кісі сол жерде қайтыс болды.

Сот барысында келіннің созылмалы психикалық дертке — параноидты шизофренияға шалдыққаны белгілі болды.

Сарапшылар қылмыс жасаған сәтте оның өз әрекетінің мәнін түсінбегені жөнінде қорытынды жасады.

Әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, алайда мамандандырылған медициналық мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

Оның кәмелетке толмаған бес баласын, ең кішісі бір жаста, қазіргі уақытта жақын туыстары тәрбиелеп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар