Атырау облысында су тасқыны салдарымен күрескен құтқарушылар үйлеріне оралуда
Фото: ҚР ТЖМ
Үш айдан астам уақыт бойы құтқарушылар су тасқыны зардаптарын жоюға атсалысты. Бүгін оларды салтанатты жағдайда үйлеріне шығарып салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарынан келген топтары және Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның 52 859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері.

Құтқарушылар 485 мыңнан астам адам тұратын 483 ауылды, 118 мыңнан астам үйді қорғай алды. Бір ғана Атырау облысында орнатылған қорғаныш бөгеттерінің арқасында 20 мыңнан астам адам тұратын 14 елді мекенді су басудың алдын алуға мүмкіндік туды.
«Министрліктің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, арнайы техникамен, тікұшақтармен, ұшақтармен толықтырылады... Жергілікті әкімдіктер қорғаныс бөгеттерін салуға қажетті құрал-жабдықтар берді. Олар зардап шеккендерді жедел эвакуациялау пункттерін құрды», - деді Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.

Тұрғындарды эвакуациялауда «Қазавиақұтқару», Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұлан ұшқыштарының үлесі зор екені аталды.
Басқарма басшысы азаматтық қорғау сержанты Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы мен азаматтық қорғау прапорщигі Балданов Бекжан Қуанышұлының туған-туыстарына көңіл айтты. Қаза тапқан құтқарушыларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Әрине, су тасқынымен күрестің негізгі ауыртпалығы өз міндеттерін абыроймен атқарған құтқарушыларымызға түсті. Өкінішке қарай, қызметкерлеріміздің арасында да шығын бар. Бұл олардың отбасы мен министрлік үшін орны толмас қаза», - деді Төтенше жағдайлар министрі өз сөзінде
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті