Аты аңызға айналған Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Абай облысына келді
Фото: Абай облысы әкімдігі
Аты аңызға айналған таеквондо шебері, қазақтың батыр ұлы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Абай облысына арнайы келді. Онымен облыс әкімі Берік Уәли жүздесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Кездесуге түркиялық және отандық кәсіпкерлер Омар Тәйжі мен Қайша Керей қатысты.
Бүгінде Германияның Мюнхен қаласында тұратын Неслихан ата-бабаларының туып-өскен жері Абай облысына арнайы келген екен.
«Мен Германияда туып-өстім. Абай еліне, Семей қаласына алғаш рет келіп отырмын. Құрмет көрсетіп, жылы қабылдағандарыңызға зор алғысымды білдіремін. Ата-бабаларымның туған жеріне келіп, ерекше сезімді бастан кешіп отырмын», — деді Неслихан Өзтүрік.
Мустафа Өзтүрік – түркі әлеміне танымал тхэквондо шебері, Қазақстандағы осы спорттың негізін қалаушылардың бірі. Ол 1954 жылы Түркияда дүниеге келген. Жастайынан шығыс жекпе-жегіне қызығып, Кореяда білім алған. Кейін Қазақстанға келіп, тхэквондоны насихаттап, ұлттық спорт мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. Мустафа Өзтүрік көптеген шәкірт тәрбиелеп, қазақ жастарын рухани әрі физикалық тұрғыдан мықты болуға баулыды.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті