Астанада кәсіпорындар тұрғындарға күмәнді ет өнімдерін сатқан
Фото: freepik.com
Елордада ет өнімдерін сататын екі заңсыз кәсіпорын анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Астанада ет өңдейтін кәсіпорын рұқсат қағазсыз жұмыс істеген және санитарлық жағдайы талапқа сай келмейді. Кәсіпкер астыртын мал сою цехы үшін нысанды жалға алғаны белгілі болды. Ол жерде 6 адам жұмыс істеген.
«Полиция қызметкерлері мен ДКНБ қызметкерлері рұқсат құжаттарынсыз және антисанитарлық жағдайда ет өңдеумен айналысқан заңсыз әрекетті тоқтатты. Кәсіпкер астыртын мал сою цехы үшін нысанды жалға алғаны анықталды. Онда алты адам заңсыз жұмыс істеп, күнделікті ақшалай төлем алып отырған. Қолданылатын шикізат ретінде құжатсыз сатып алынған күмәнді ет пайдаланылған. Дайын өнім Қазақстан өңірлеріне таратылған», деп хабарлады Астана ПД.
Сонымен қатар Астанада жергілікті тұрғын өз үйінің ауласында етті заңсыз сатумен айналысқан. Өнімнің ешқандай құжаты, ветеринарлық мөрі болмаған.
«Қазіргі уақытта тәркіленген еттің сапасын тексеру үшін сараптама тағайындалды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Астана полиция департаменті ет өнімдері ветеринарлық бақылаусыз адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді», деді полиция.
Жаңалықтар
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты