Әскери бөлім ғимаратында өрт шықты

cover

Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылындағы әскери бөлім өртке оранды, деп хабарлайды Orda.kz.

Gres_big_family instagram парақшасында 16 желтоқсанда Қараой ауылындағы әскери бөлімнің өртке оранған бейнежазбасы жарияланды.

Бұл ақпаратты Алматы облысы төтенше жағдай департаменті растады.

«Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу-сынау өрт зертханасы мен Тергеу басқармасы жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады баспасөз қызметкері.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар