Желіде ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат пайда болды. ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Желіде экс-министр елордалық тергеу изоляторында болған кезінде тамырын кесуге тырысқаны туралы ақпарат тарала бастады. Бұл хабарды қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жоққа шығарды.
«Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті тек 2022 жылғы мамыр айында уақытша ұстау изоляторындағы кезінде болды. Содан кейін ол ауруханаға түсті» делінген хабарламада.