Қарағандыда белсендіні тапсырыспен өлтіргендер тергелуде

Қарағандыда «тапсырыспен кісі өлтіру» туралы резонанстық іс қаралуда. Өз ауданында өзекті мәселелерді көтерген қоғам қайраткері Ғалы Бақтыбаевты атып өлтіргені үшін төрт адам сотталады. Олардың арасында бұрынғы қылмыскерлер, бұрынғы полиция қызметкері және кәсіпкер бар.
Қауіп - қатер, шабуыл және атыс
Қарағанды облысының Атасу кентінде 59 жастағы қоғам қайраткері және белсенді Ғалы Бақтыбаевты өлтіру оқиғасы екі жыл бұрын – 2019 жылдың 28 мамырына қараған түні болды. Бақтыбаев кешке қонақтан оралғанда оны аулада жұбайы қарсы алады. Әйелі қақпаны ашып, үйге кіре бергенде оларға оқ атылды. Кейінірек белгілі болғандай, қылмыскер алдын-ала аулаға жасырынып, Ғалының келуін тосқан.
Сарапшылар анықтағандай, 16 калибрлі мылтықтан екі оқ атылған. Оқ бөлшектері барлық жерде шашырап жатты. Белсенді алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Дегенмен қылмыскер оның аулаға жүгіріп шыққан әйеліне қол тигізбеген. Тергеушілер қылмыскердің мақсаты — тек Ғалыны өлтіру болғанына сенімді.

Марқұмның туыстары әрдайым шындық үшін күрескен Ғалының қоғамдық қызметінің салдары осындай қайғылы жағдайға әкелетінін сезген. Отбасындағы қорқыныш күннен-күнге арта түскен, оған себеп: үйдің терезелері шағылған, ауладағы жарықшам сындырылған, оның атына ескерту хаттар жазылған.
Осы оқиғадан үш ай бұрын, бір күні кешке бетперде киіп, қолдарына темір ұстаған екі адам оның үйінің ауласына баса көктеп кірген. Ғалы көмір жинап жатқандықтан, шабуылдаушыларды бірден байқамайды. Осы сәтті пайдаланып, олар Ғалының бетіне газ шашып, қолдарындағы темірмен ұра бастайды. Әйелі мен ұлы басбұзарларды тоқтатуға тырысқан.

— Олар Ғалыны қатты соқының астына алды. Оның денесі қан болды. Біз полиция шақырдық. Олар келді. Бірақ нәтиже болған жоқ. Егер олар сол кезде ұсталса, мүмкін күйеуім тірі болар еді, – деді сотта Ғалының әйелі Рабиға.
Сол кезде белсендінің аяқтары мен омыртқасы қатты жарақаттанған. Соққыға жыққандар табылмады. Осы оқиғадан кейін де Бақтыбаев қорықпай, әділдік үшін күресін жалғастыра берген.

Тергеушілер қылмыскерлердің Бақтыбаевтың өліміне қатысын дәлелдеді. Күдіктілер осы ауылдың төрт тұрғыны болып шықты. Олар 2019 жылдың жазында ұсталды. Бұл оқиға үлкен шу тудырып, тергеуге Қарағандыдан және басқа аймақтардан мамандар тартылды.
ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАН СОТ
Бұл іс бойынша алқабилердің қатысуымен сот ісі 2020 жылдың мамыр айында басталса да, осы күнге дейін жалғасуда. Күдіктілер қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен — Ғалы Бақтыбаевты ұрып-соғу және өлтіру фактісі бойынша айыпталуда.
Қазір сот оларды тергеп жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, бұрын бұзақылық пен қарақшылық үшін сотталған 29 жастағы ер адам — орындаушы деп танылды. Ол осы «тапсырыс» үшін миллион теңге алған.
Белгілі болғандай, Ғалының өлімі болған түнде жергілікті полиция оны тергеуге алған. Бірақ, таңертең оны босатып, үйіне жібереді. Ол бірден Ақмола облысына кетіп қалады. Бірақ көп ұзамай, жергілікті тұрғынды өлтірді деген айыппен ұсталады. Жауап алу барысында ол Ғалы Бақтыбаевты өлтіру бойынша айғақтар береді. Қазіргі өтіп жатқан іс бойынша қылмысты ұйымдастырушы ретінде тапсырыс берушілердің есімдерін атады. Бірақ сот процесі барысында оның қоғам белсендісінің өліміне қатыстылығы жоққа шығарыла бастады.
— Менің басыма пакет кигізіп, не айту керектігін түсіндірді. Полиция қызметкерлері егер мен кісі өлтіруді өз мойныма алсам, бұл «абайсызда өлтіру болады, сені түрмеге жібермейміз» деп сендірді. Мен келісіп, істемеген қылмысыма түсініктеме бердім, - деді айыпталушы.
Оған кісі өлтіруден бөлек бұзақылық, Бақтыбаевты ұрып-соғу, травматикалық қаруды заңсыз сақтау/алып жүру және Ақмола облысының тұрғынын өлтіруге оқталу айыптары тағылды. Бұл іс бойынша басты күдіктімен бірге тағы бір жас жігіт сұралуда.
Тергеушілер кісі өлтіру мен оны ұрып-соғуды аудандық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы және жергілікті кәсіпкер ұйымдастырды деп отыр.
Авторы: Юлия Дакимова
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын босатылмайды
- Семейде қылмыс әлемінің серкесі Лёха Семипалатинскийге ескерткіш орнатылды
- Ақтөбеде түнде полиция бөліміне рұқсатсыз кіргендер қамалды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бас прокуратура Олеся Кексельдің ұсталғанын растады
- Перизат Қайрат сотында Головкиннің 10 млн теңгеге сатылған қолғаптары сөз болды
- Павлодарда көлік ұрлап қашқан ер адам апатқа ұшырап, оқиға орнында көз жұмды
- «Кінәсін мойындамады»: Перизат Қайрат сотқа Бауыржан Байбекті шақыруды талап етті
- Руслан Желдібай халықаралық ұйымдағы жаңа қызметке тағайындалды
- Перизат Қайрат ісі: прокурорлар алаяқтық схемасын жария етті
- Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаев екі айға қамауға алынды
- Елімізде 700-ден астам талапкер негізгі ҰБТ емтиханынан өтпеді
- Бір тамшы су көрмеген: Түркістандағы егіндер қурап, шаруалар шаш етектен шығынға батып қалды
- Сәтбаев қаласында әкімдік қызметкері құмар ойын ойнағаны үшін жұмысынан қуылды
- Қостанайдағы президент резиденциясы балаларды оңалтатын орталыққа айналады
- Президент резерві: Тоқаев бюджеттен миллиардтарға жедел қол жеткізе алады
- Халық игілігі үшін: Алматы облысында қайтарылған қаржыға амбулаториялар салынып жатыр
- Гүлнар Бажкенова: «Ордадағы» ахуал, Ақордадағы жанжал және Нью-Йорктегі «қосалқы алаң» туралы
- «Барлау жүйесін іштен бұзу»: Трамп командасы АҚШ арнайы қызметтерінің хаттамаларына қол жеткізбек
- Алматы тауларында туристер мен балалар шұғыл эвакуацияланды
- Израиль соққысы кезінде Иран президенті жараланды