Қарағанды облысында 5 ауылдың тұрғындарын үйлерінен мәжбүрлеп шығаруда

cover

Қарағанды облысындағы бес ауылдың тұрғындары үйлерінен мәжбүрлі түрде көшірілді.

Ауылдардың астында және маңайында мыс кені өндірілетіндіктен, жер енді мемлекет меншігіне өтеді, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі. Билік мұны мемлекеттік қажеттіліктер деп атайды. Ал ауыл тұрғындары ұсынылған шарттармен қоныс аударуға келіспейді және лайықты өтемақы немесе жақсы баспана талап етеді.

Мәжбүрлеп көшіру

Пянтковскидің отбасында екі бала бар, біреуі нәресте. Үйден шығарудан бас тартуға жауап ретінде жергілікті билік алдымен жер учаскесінің иесін сотқа берді. Ұсылынған өтемақы отағасының көңілінен шықпады. Шарасыз қалған билік - үйдегі электр қуаты мен суды өшірді. Пянтковскийдің пайымдауынша, отбасы енді лайықты үй сатып алу үшін тез арада ақша іздестіруге мәжбүр болады. Қазір олар шам жағып, сусыз өмір сүруде...

— Олар лайықты өтемақы бергісі келмейді. Біз 12 миллионға келіспейміз, бұл ақшаға қаладан дұрыс үй сатып ала алмаймыз. Міне, біз осында тұрғанымыз үшін, сот шешімімен және берілген ақшамен келіспегеніміз үшін — бізді электр желісінен ажыратып, байланыссыз, сусыз қалдырды. Біз өтемақы сұрадық, бірақ әкімдік келіспейді, олар бергенді алыңдар дейді. Бізді үйден қуып шығамыз деп қорқытып, заттарымызды жинап отыруды сұрады, - дейді Василий Пянтковский.

Выселить, чтобы добыть медь: как в Карагандинской области забирают земли под госнужды
Весовая ауылы

Кенттің тағы бір тұрғыны көшуге келіскенін айтады. Бірақ оған 14 миллион 700 мың теңге өтемақы төлеуді сұрады. Тәуелсіз бағалаушы оның жер учаскесін, үйін, гаражын және шаруашылық құрылысын осы көлемдегі қаржыға бағалады. Бірақ әкімдік сотта мүлікке өз бағасын берді. Әкімдіктің есептеген өтемақысы 9 миллион теңгеден кем болды. Алайда сот әкімдіктің сөзін сөйлеп, тұрғын үй иесінің сұраған ақшасын құптамады.

— Оның үстіне менің мүлігім толық бағаланбады: гараж және басқа да салынған заттар есептелмеді. Мені көшуге мәжбүрлеп жатыр, сот орындаушысы көшіру туралы хабарлама жіберді. Билік заңды бұзуда. Әкімдікке менің жерім, үйім керек болды. Олар үшін бәрі оңай: келеді, тартып алады. Менің айтарым: мен осы жерде тұрғым келеді. Қатты керек болып жатса, сатып алыңыз, бірақ лайықты өтемақы төлеңіз. Менде төленген ақшаға лайықты үй сатып алу, гараж сатып алу мүмкіндіктері болу керек. Қандай да бір себептермен билік инфляцияны ескермейді. Олар берген ақшаға тұрғын үй сатып алу мүмкін емес. Бұлай болмайды ғой(!). Неліктен бізді ыңғайсыз жағдайға қалдырып жатыр? Бұл заңсыздық, - дейді Жезқазған кентінің тұрғыны Сергей Тоноянц.

Выселить, чтобы добыть медь: как в Карагандинской области забирают земли под госнужды
Жезқазған кенті

Кентте қалған тұрғындардың айтуынша оларға коммуналдық қызмет көрсетілмейді. Есіктерін сындырып, терезелерін шағып, сымдарын қиып тастады. Бұндай іспен кім айналысып жүргені белгісіз. Тұрғындардың электр қуатының жоқтығына байланысты наразылықтарына жергілікті билік: бұл тұрғын үй енді оларға тиесілі емес, көшіру процесімен айналысатын Сәтбаев қаласының коммуналдық меншігіне өткен деп жауап береді.

Әкімдік Мемлекеттік мүдде туралы айтады

Бұл кенттерде кен орнын игеруді және мыс кенін өндіруді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жүргізеді. Билік шараны мемлекет қажеттігі деп түсіндіріп, жергілікті тұрғындардың жер учаскелерін иеліктен шығару туралы қаулы шығарды. Біреуге Сәтбаев қаласында шағын тұрғын үй, ал біреуге ақшалай өтемақы ұсынылды. Содан кейін жергілікті билік жылжымайтын мүлікті коммуналдық меншікке өткізеді.

Бір ірі кент – Жезқазған және оған іргелес төрт ұсақ елді мекен тұрғындары қоныс аудару тізімінде. Бұл мыңдаған тұрғын немесе үш мыңға жуық отбасы. Көпшілігі көшіп кетті: біреу мәжбүрлеп шығаруды күтпестен өз еркімен келісті, ал біреу бірнеше жылдар бойы тең өтемақы алу үшін күрескен.

Қазір мұнда он шақты отбасы өмір сүруде. Негізінен Жезқазған кентінде бұрғылау - жару жұмыстары жүргізілуде. Кейбіреулер көшуді күтуде, ал басқалары лайықты өтемақы үшін күресті жалғастыруда. Бір кездері гүлденген, жасыл ауылдар қазір қирандыға айналды: мұнда тұрғын үйлер, ғимараттар, бизнес нысандары бұзылады. Тұрғындары қоныс аударатын ауылдар аумағындағы мыс ашық және жер асты тәсілдерімен өндіріледі.

Қарағанды облысының әкімдігі тұрғындардың өтініштеріне жауап ретінде «жер учаскелерін және онда орналасқан үй құрылыстарын иеліктен шығару Сәтбаев қаласында жаңа тұрғын үй құрылысына және меншік иелерімен тиісті келісу рәсімдеріне қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі» деп хабарлайды. Бюджеттен қарастырылған өтемақы төлеу шарттарын белгісіз себептермен билік құпия ақпарат деп отыр.

— Меншік иесінің тұрғын үйі бұзылғанға дейін оның меншігіне тұрғын үй беріледі немесе тұрғын үйдің нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төленеді. Меншік иесімен мүлікті беру туралы келісімге қол жеткізілмеген жағдайда жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару сот тәртібімен жүзеге асырылады, - деді әкімшілік.

Мысты белсенді өндіруді жалғастыру шешіміне байланысты кенттер тұрғындарын қоныс аударуы туралы Қазақстан Үкіметі тиісті қаулы шығарғаны 2011 жылы белгілі болды. Содан кейін қоныс аударудың алғашқы толқыны басталды. Бірнеше жылдан кейін билік «Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспары» бағдарламасын іске асырды. Жоспарды іске асыру үшін Жезқазған кентінің және іргелес Весовая, Крестовский, Перевалка елді мекендерінің жер учаскелерін және геологиялық барлау кентін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару шешімі қабылданды. Жергілікті халық дау шығарды.

Мақала авторы: Юлия Дакимова, Қарағанды облысы.
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар