АҚШ қауіпсіздік үшін жасанды интеллектті бақыламақшы
Ақ үй жасанды интеллект жарысына байланысты ықтимал қауіптерге қарсы шаралар пакетін жариялады.
АҚШ үкіметі жасанды интеллектті бақылауға алуды көздеп отыр және қазірдің өзінде арнайы институттар құруда. Бұл іске шамамен 140 миллион доллар бөлінген. Би-би-си хабарлауынша, жеті жаңа ғылыми-зерттеу институты ашылады. Олардың жұмысы ЖИ-ке қатысты барлық салаларды үйлестіруге, сондай-ақ жасанды интеллект жүйелерін ілгерілетуге бағытталатын болады. Бірақ бұл тек - «этикалық, сенімділік және жауапкершілік қағидаттарына сәйкес және қоғамдық игілікке бағытталған» болуы керек.
Ақ үй мұндай мәлімдемені бір күн бұрын президент Джо Байден мен вице-президент Камала Харристің ірі технологиялық компаниялардың басшыларымен кездесуінен кейін жасады. Кездесуге Google-дан Сундар Пичай, Microsoft-тан Сатя Наделла және Open AI компаниясынан Сэм Альтман қатысты. Соңғысы танымал ChatGPT чат ботын әзірлеген. Жиында қоғамды ЖИ дамуының қауіпті аспектілерінен қорғаудың моральдық міндеті талқыланды.
Саясаткерлер кәсіпкерлерге «негізгі жауапкершілік» туралы айтты: олар көпшілікке жарияланып, халыққа шығарылғанға дейін өнімдерінің қауіпсіз екеніне көз жеткізуі керек. Алайда, кәсіпкерлер кездесуде тіпті дауласпай, алдағы уақытта саланы реттеуге болатынын қолдағандай болды. Олар сондай-ақ осы тамызда өтетін DEFCON киберқауіпсіздік конференциясында ЖИ жүйелерін тестілеуді ашуға келісті.
Жасанды интеллект тудыратын ықтимал тәуекелдерді талқылау өткен аптада басталды. Одан кейін «ЖИ-дің атасы» атанған ғалым Джеффри Хинтон Google-дан кетіп, жасанды интеллекттің қауіп-қатері туралы айта бастады. Нәтижесінде АҚШ пен Ұлыбританияның нарық реттеушілері салаға заңнамалық шектеулер қою мәселесін көтерді. Ақ үй сонымен қатар президент әкімшілігі ЖИ саласындағы зерттеулерді реттейтін жаңа заңнаманың енгізілуін жоққа шығармайтынын атап өтті.
Басылым АҚШ-та жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің көпшілігін жеке компаниялар жүргізетінін және олардың жұмысы қазіргі уақытта реттелмегенін жазды. Сонымен қатар, сарапшылар чат-боттар мен басқа да ЖИ технологиялары бақылаусыз дамып келе жатқанын, бұл адамдар үшін қауіпті салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
Ол бақылаусыз жалған ақпарат ағынынан, тану қиын фейктер мен авторлық құқық бұзушылықтардың таралуына дейін, ауқымды жұмыс орындарының жабылуы, тіпті өркениетті бақылаудың жоғалуы болса керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық