Әнші Мұқасан Шахзадаевты полиция ұстады ма?
Коллаж Orda.kz
Танымал әнші Мұқасан Шахзадаевқа қарсы арыз түсті. Ол «Нұрмұқасан» тобына жаңадан қосылған Ғалымжан Сүлейменді ұрып-соқты деген күдікке ілінді. Қазір жұрт арасында «полиция оны таба алмай іздеу жариялады» деген ақпарат тарады.
Orda.kz тілшісі жәбірленушінің қорғаушысына хабарласып оқиғаның жай-жапсарын білді.
Жаңалықтың төркінін түсіну үшін әлқиссасына тоқтала кетейік. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада «Нұрмұқасан» тобына жаңадан қосылған әнші Сүлейменді бұрынғы топ солисті Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жегенін айтты. Оның сөзінше, Мұқасан бірнеше адаммен жабылып, оны ұрып-соғып, мұрны мен қолын сындырып кеткен.
Оқиға «әнді рұқсатсыз пайдалану» туралы әңгімеден кейін басталыпты. Ғалымжан Сүлеймен сөйлесуге шақырылғанымен, әңгіме жараспаған соң кетпек болыпты. Алайда, Шахзадаев қасындағы бірнеше жігітпен қосылып жабылып ұрған.
Оқиға орнына полиция шақырылған, бірақ әншінің айтуынша, полицейлер Мұқасанға шара қолданбай, керісінше өзін алып кетіпті. Қазіргі уақытта Ғалымжан Мұқасан беделін пайдаланып жазадан құтылып кетеді деп алаңдайды.
Көкала қойдай болып таяқ жеген әншінің мүддесін адвокат Инга Иманбай қорғайды. Orda.kz тілшісі заңгерге хабарласып, істің қазіргі таңда қалай тергіліп жатқанын әрі қандай деңгейде екенін білді.
«Қазіргі таңда Ғалымжанның қолы мен мұрны сынған, беті ісіп-көгерген. Мұрнына күрделі ота жасалады. Енді нақты жарақаттарының деңгейін сарапшылар анықтайды. Ал күдікті Шахзадаевқа келер болсақ, ол кісі кеше ұсталды. Ол ұсталғанша полиция Шахзадаевтың 20-ға жуық туысынан сұрастырып шыққан. 107 баптың 2-тармағы, яғни «адамдар тобымен алдын ала сөз байласып денсаулыққа орта деңгейдегі зиян келтіру» бойынша іс қозғалуын талап етемін. Егер іс әрі қарай да осы баппен қозғалса, онда Шахзадаев 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді Иманбай.
Осы орайда еске сала кетейік, Сүлейменнің айтуынша Мұқасан Шахзадаевты полиция оқиға орнында ұстамай, керісінше жәбірленушіні бөлімшеге алып кеткен еді.
Orda.kz редакциясы Мұқасан Шахзадаевтың ұсталған, ұсталмағанын анықтау үшін полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Материал жарияланған сәтке дейін жауап келмеді.
Бұған дейін полиция осы факт бойынша іс қозғалғанын мәлімдеп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізген еді.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті