Америкалық БАҚ: Шайдоровтың жеңісі — Олимпиаданың ең ірі сенсациясы

cover Фото: ҚР ҰОК

2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Әлемдік додада еліміздің спортшысы Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан сенсациялық жеңіске жетті. Америкалық БАҚ осы айтулы жеңісті жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қанша Әлем кубогы кезеңдерінде жеңіске жетіп, қанша рекорд жаңартып, қанша гол соғып немесе қанша күрделі элемент орындаса да, Олимпиада әрбір спортшы үшін бәрін жаңадан бастауға қайта мүмкіндік береді.

Сансыз сағаттық қажырлы еңбек пен сәл ғана сәттіліктің арқасында тіпті ең күтпеген спортшы да даңқ тұғырына көтеріле алады,  ал керісінше ең жарық жұлдыздардың өзі сәтсіздікке ұшырауы мүмкін.

21 жастағы Илья Малинин 2021 жылы ересектер санатында дебют жасағалы бері ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанауда үстемдік құрып келеді.

«Тарихта алғаш болып төрт айналымды аксель (quadruple Axel) орындаған спортшы және ерлердің еркін бағдарламасы бойынша әлемдік рекорд иегері ретінде Малининнің командалық жарыстағы өнері АҚШ құрамасының алтын алуында шешуші рөл атқарды. Жеке қысқа бағдарламадан кейін ол Жапония өкілі Юма Кагиямадан бес ұпай алда тұрған еді» деп қуана хабарлаған еді америкалық басылымдар.  

Алайда зор үміт үлкен қысыммен қатар келді. «Quad God» атанып кеткен Малинин еркін бағдарламада қатты толқыды. Жоспарланған бірнеше төрт айналымды секіруді сәтсіз орындап, олардың орнына жалғыз аксель, қос ілмек (double loop) және қос сальхов жасады.

«Ал Қазақстандық Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында тұрғанымен, еркін бағдарламада бес төрт айналымды секіруді тамаша орындап және тек бір ғана болмашы қателік жібергенімен, тамаша өнер көрсетті. Бұл Олимпиада парағына жазылаты жаңа сенсациялық тарих!» деп жарыса жазды Америка БАҚ-тары.

Иә, Михаил Шайдоровтың 198,64 ұпайы бәсекелестерінен айқын басым түсіп, еліне Қысқы Олимпиада ойындарындағы алтын жүлдені сыйлады. Ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудан Олимпиаданың сенсациялық жеңімпазы тек қазақстандық Михаил Шайдоров атанды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар