Алтын Cartier және күзен бөрік : Алматылық танысын екі мәрте тонады

cover Фото: видеодан кадр

Талдықорған тұрғыны танысының сеніміне кіріп, пәтерін тонаған, деп хабарлайды Orda.kz.

Policia.kz мәліметінше, Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны Талдықорғандағы танысының үйін тонап, тәртіп сақшыларының қолына түсті. Оқиға жазғы уақытта жәбірленуші Алматыға туыстарына қонаққа кеткен кезде болған.

«Үйден «Cartier» маркалы алтын әшекейлер мен құнды күзен бөрігін қолды еткен. Алайда бұл қылмыскердің алғашқы әрекеті ғана болып шықты. Ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, жәбірленушіге 810 мың теңге көлемінде шығын келтірген» деп хабарлайды Policia.kz.

Алайда, материалдық қиындықтарын толық шеше алмаған күдікті тағы да танысының пәтеріне қайтып оралған. Бұл жолы оның қолына алтын сақиналар мен сырғалар ілікті.

Полиция қызметкерлері қылмыскердің жеке басын анықтап, оны ұстады. Күдікті өз әрекетін мойындады. Қазіргі таңда ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар