Алты алашқа «Менің атым Қожа» фильмімен танылған Нұрлан Сегізбаев дүниеден өтті
Коллаж: Orda.kz
Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, актер, сценарист және кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден озды. Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімет таратты, деп хабарлайды Orda.kz.
Көпшілік оны «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлі арқылы таниды. Ол қазақ кино өнерінің тарихында елеулі із қалдырған тұлға.
«Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады», – деп жазды мәдениет және ақпарат министрлігі.
Ол – Еуропадағы Lambert академиялық баспасынан алты ғылыми кітабы жарық көрген ғалым, «Жошы», «Бату», «Періште», «Қызыл қар» романдарының авторы. Бұған қоса, баспадан шықпаған тоғыз қолжазбасы бар. Киносценарист ретінде де ол қазақ кино өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сегізбаев сырқаттанып ауруханаға түскен еді.
Жаңалықтар
- Желіде «Орданың» бас редакторының қайтыс болғаны туралы жалған мәліметтер тарап жатыр
- Алты алашқа «Менің атым Қожа» фильмімен танылған Нұрлан Сегізбаев дүниеден өтті
- Баға басылсын, табыс тасысын: Тоқаев Үкіметтің «жүгенін» тартты
- Қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан Gusto әкімшісі халықтан кешірім сұрады
- Украинадағы соғысқа қатысқан 700-ден астам Қазақстан азаматы сотталды
- Жолаушы қаза тапты: Lufthansa әуе кемесі Алматыға шұғыл қонды
- Прокуратура Оңтүстік Кореяның экс-президентін 10 жылға соттауды сұрады
- АҚШ-тағы жаппай депортация: Қазақстанның үш тумасы ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне енді
- «Qarmet» зауытындағы 1,8 млрд теңге ұрлығы: Әнипа Назарбаеваның серіктесі қамауға алынды
- ЖИ министрлігінің кейбір өкілеттігі ҰҚК бақылауына өтті
- КХДР алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды
- Бауыржан Момышұлына ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілді
- Түркістан облысында 14 жастағы оқушы 6 жасар қызды зорлап, 10 жылға сотталды
- Ресей Украинаға қатысты 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды қабылдамады
- Экс-судьяның өлімі: Күдіктілер Мәскеуде ұсталды
- Ажалы шойын қазаннан: 6 жастағы қызды анасымен қоса ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты
- Парижде зергерлік бұйым таситын курьерлерге қарулы шабуыл жасалды
- 2025 жылы 14 828 этникалық қазақ тарихи Отанына оралды
- ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы үй қамаққа алынды
- Зеленский бейбітшілік жоспарының 20 тармағын атады