Алматылықтар жер сілкінісін сезді

cover Фото: freepik.com

Алматыда бүгін, 17 ақпанда сағат 15:11-де жер сілкінді, деп хабарлайды Orda.kz. 

«Сейсмологиялык зерттеу институты» жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан  шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқанын мәлімдеді. 

ТЖМ тағы қосымша ақпарат беретінін хабарлады. 

Google ескерту жүйесі жер сілкінісінің күші 5,1 балл болғанын көрсетті.

Жер асты дүмпуі Еңбекшіқазақ ауданы Түрген, Шелек ауылы мен Есік қаласында 4 балл, Еңбекшіқазақ ауданы Маловодное ауылы, Ұйғыр ауданы, Кеген, Талғар аудандары мен Талғар қаласында 3 балл болған. 

Еңбекшіқазақ ауданының Көкпек ауылы, Іле ауданы Боралдай ауылы, Алатау, Қонаев, Қаскелең қалалары тұрғындары 2 балдық жер асты дүмпуін сезді. 

Алматы маңындағы Қарғалы ауылы, Ұзынағаш ауылдарында да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар