Алматыдағы пәтер құнына Шотландияда арал сатылып жатыр

cover Фото: freepik.com

Шотландияда 83 миллион теңгеге арал сатылымға шықты, деп хабарлайды Orda.kz The Spaces басылымына сілтеме жасап.

Шотландиядағы Эйлеан Лох Оскэр аралы салыстырмалы түрде қолжетімді бағаға — 125 мың фунт стерлингке (шамамен 83 миллион теңге) сатылады.

Бұл арал шамамен Лисмор аралының солтүстік-батысында, Шотландияның батыс жағалауындағы ең таза аймақтардың бірі – Лорн бұғазы суларында орналасқан. Эйлеан Лох Оскэр аралы «әлемнен өзінің оңаша бұрышын іздегендерге бірегей мүмкіндік» ретінде жарнамаланып жатыр.

Арал кемпинг, мал өсіру немесе экожүйені қалпына келтіру үшін өте қолайлы аймақ. Аралға күтім керек және мақсатты түрде пайдалану керек болып тұрған көрінеді. Болашақ иесі аралда тұруы немесе одан 32 шақырымнан алыс емес жерде орналасуы керек. Жерді пайдалану тек  ауыл шаруашылығымен айналысуды немесе табиғатты қалпына келтіру жұмыстарын қамтуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар