Алматыдағы Баум тоғайында он мың ағаш түп-тамырымен жойылып, орнына тұрғын үй салынуы мүмкін
Фото Orda.kz
Алматыдағы Баум тоғайында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен оның мәртебесі жөніндегі даулар бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Қала тұрғындары мен экобелсенділер тоғайдың тағдырына алаңдап дабыл қақты. Олардың пікірінше, орманды «абаттандыру» деген желеумен жүргізіліп жатқан жұмыстар болашақта тұрғын үй кешенін салуға жол ашуы мүмкін.
Orda.kz тілшісі баспасөз мәслихатына барып қайтты.
Белсенділердің дерегі бойынша, Баум тоғайы ресми түрде орман қорының жер телімі ретінде тіркелген. Қазақстан заңнамасына сәйкес, орман қорының аумақтарында құрылыс жүргізуге, инженерлік желілер тартуға және ауыр техника кіргізуге тыйым салынады. Бұған дейін «қураған» және «апатты жағдайда» деп белгіленген 10 мыңнан астам ағашты кесу жоспары ресми түрде хабарланған еді.

«Мұндай қорытындылар тек ведомстволық актілерге ғана сүйенбей, экологтар қатысатын тәуелсіз сараптамалық бақылауды талап етеді. Орман кодексінің 93-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттің табиғи ескерткіштерінде санитарлық және басқа да ағаш кесу жұмыстары тек орманды қорғау шараларын жүзеге асыру үшін ғана жол беріледі», – деді экобелсенділер.
Белсенділердің пікірінше, тоғайды абаттандыру — ауданды сүріп, орнына көпқабатты үйлер салуды көздейтін астыртын жоспардың бөлігі.
«Негізгі қызметі жасыл желекті күтіп-ұстау мен табиғатты қорғау емес, тұрғын үй құрылысымен айналысатын «Bazis-А Согр» ЖШС-нің (бас мердігер — «СК Барлас Құрылыс» ЖШС) бұл процеске қатысуы мүлде түсініксіз. Мемлекеттің табиғи ескерткіші — Баум тоғайын сақтау және қалпына келтіру жобасына құрылыс компаниясының тартылуы сұрақ туғызады. Өйткені бұл салада экология және көгалдандыру бойынша мамандандырылған ұйымдар жұмыс істеуі тиіс еді», — деді Салтанат Тәшімова.
Тоғайды абаттандыруға байланысты шешім қабылдау тәртібі заңмен реттеледі. Мұндай жағдайда қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, әр тұрғын өз пікірін білдіріп, ұсыныс енгізуге мүмкіндік алады.
«Ресми түрде бір қоғамдық тыңдау өткізілді, бірақ оған тек 3 адам қатысты», – деді тоғайдың қасында тұратын Жазира Шарафова.
Әкімдік бірнеше кездесудің өткенін хабарлағанымен, белсенділер тыңдауларды қайта өткізуді талап етеді.

«Қалада балалар ойын алаңдар жетерлік. Тоғайдың табиғи ландшафты сақталуы тиіс орталық бөлігінде ойын алаңын салудың қажеті қанша? Неге бізбен ақылдаспайды?» — деп сұрады Юрий Смирнов.
Баспасөз мәслихатында белсенділер өз талаптарын да жария етті:
- Баум тоғайы аумағындағы барлық құрылыс жұмыстарын дереу тоқтату;
- Ғалымдар, экологтар және жұртшылық қатысқан тәуелсіз экологиялық және құқықтық сараптама жүргізу;
- «Абаттандыру» жөніндегі заңсыз шешімдерді жою және табиғи ландшафты қалпына келтіру;
- Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматының қақ ортасында орналасқан 42 гектар аумақты алып жатқан қаланың ең көне спорттық нысандарының бірі – ипподромның жағдайына қатысты баспасөз мәслихаты өткен еді. Бұрын халықаралық жарыстар өтіп, мыңдаған көрермен жиналатын бұл орын бүгінде қирап, қараусыз қалған. Енді оның тағдыры қайта қоғам назарында. Белсенділер мен ат спорты өкілдері баспасөз мәслихатын өткізіп, биліктен ипподромды бұзбауды және оны тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына қосуды талап етті.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде пара алған білім саласының төрт бірдей қызметкері айыппұлмен құтылды
- БҚО-да мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ұсталды
- Депутаттар азаматтық-құқықтық шартқа тыйым салып, шетелдіктердің айлығын қысқартпақ
- Алматыдағы Баум тоғайында он мың ағаш түп-тамырымен жойылып, орнына тұрғын үй салынуы мүмкін
- Астанада қайтыс болған фельдшердің отбасына қандай төлем төленеді?
- Ақтөбеде 64 жастағы ер адам 14 жастағы қызды жүкті қылды: Өңір басшысы не деді?
- Алғабастағы өрттен аман қалған 3 адамның жағдайы өте ауыр – министрлік
- Құлыбаевтар Halyk Bank-тегі үлестерінің бір бөлігін сатпақ
- Мәжілісмендер балалары мен науқас туыстары бар ата-аналардың жұмыс күнін қысқартуды ұсынды
- Ақмарал Әлназарова елде өршіген тұмауға қатысты пікір білдірді
- БҚО-да 10 жастағы қыз зорланғаннан кейін шенеуніктер тергеуге алынды
- «Кеше сүндет той, бүгін жаназа»: Алғабаста 12 адамды жалмаған өрттен аман қалуға мүмкіндік болды ма?
- «Қолын байлап кетіп қалған»: Қарағандыда бір әйел 4 жастағы ұлын азаптады
- Алғабаста өрттен қайтыс болған отбасы жайлы не белгілі?
- Ұлтаралық алауыздық қоздырған «Северный Казах» бас бостандығынан айырылды
- «Өрт қауіпсіздігінің жақсарғанын көрмедік»: Бектенов Жетісайдағы трагедияға қатысты пікір білдірді
- Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды
- Тоқаев Астанада қаза тапқан фельдшерді марапаттады
- Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі, қажет болса зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі — Бозымбаев
- Астанадағы үйдің құлаған қасбеті: Екінші фельдшер мен басқа да зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды