Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
Фото: gov.kz
Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды. Қабылдау уақыты15 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Ұлттық мектепке өтініш қабылдау 15 сәуірге дейін жалғасады. Тіркелуді мектептің ресми сайтында онлайн түрде жасауға болады. Одан кейін қатысушылар үш пән бойынша арнайы тестілеуден өтеді. Іріктеуден сәтті өткендер республикалық мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстан Республикасының п резиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты «Абай Ұлттық мектебі» болып қайта құрылды.
Білім беру бағдарламасы ұлттық құндылықтарды және озық халықаралық тәжірибені ұштастырады. Мектепте оқушылардың ғылымға қызығушылығын дамытуға, заманауи технологияларды меңгеруге, спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасалған. Тәрбие бағдарламасы ұлттық құндылықтарға негізделген. Оқушылар бірнеше шет тілін — ағылшын, француз және қытай тілдерін оқи алады.
Қазіргі уақытта Абай Ұлттық мектебінде 351 оқушы білім алуда. Олар еліміздің барлық өңірлерінен іріктеліп алынған.
2026–2027 оқу жылында 7-сыныптарға оқушылар қабылдау жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- 1 қыркүйекке қарай Алматыда қанша мектеп ашылады
- Оқу-ағарту министрі мектеп пәндерін біріктіру мәселесіне қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр