Алматыда жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды

cover Фото: Бейнеден кадр

Алматыда автобус аялдамаға соғылып, сол жерде тұрған адамды қағып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Қайғылы жағдай тіркелмеді. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға бүгін, 24 қазан күні сағат 12:35 шамасында Жетісу ауданында болған.

«Солтүстік айналма тас жолымен солтүстік бағытта келе жатқан Yutong маркалы автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегі мен аялдамаға соғылған. Сол сәтте аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен», – деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиға салдарынан екі адам медициналық көмекке жүгінген.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде психиатриялық ауруханаға жатқызылған бес баланың анасы дәрігерлердің қорытындысы бойынша дені сау болып шыққан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар