Алматыда бұрынғы жұбайын балаларының көзінше ұрып, жақ сүйегін сындырған ер адам ұсталды

cover Коллаж: Orda.kz

Алматыда полицейлер бұрынғы жұбайын ұрып-соққан 36 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алматылық келіншекті 28 тамыз күні 3 жыл бұрын ажырасқан күйеуі ұрып кеткен. Олардың кәмелетке толмаған бір қыз, бір ұлы бар. Дильбар Тимурованың жақ сүйегі сынып, миы шайқалған.

Алматы ПД мәліметінше, арыз Жетісу ауданы полициясына 28 тамызда келіп түскен. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы «денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы күйеуінен көк ала қойдай болып таяқ жеген Тимурова Дильбар құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне байланысты мемлекет басшысының көмегіне жүгініп, үндеу жасаған еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар