Алматыда бір топ әйел зейнет жасына байланысты митинг өткізді

Алматыда әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа төмендету ұсынысын айтып, бес әйел жиналды. Айтылған уақытынан сәл кешігіп келген әйелдер ақ оралмалдарын тағып, қолдарына плакаттарын алып өз талаптарын айта бастады.
Белсенділер Республика Сарайының алдына жиналды. Митингке қатысушылар «зейнетке шығу жасын 58-ден асырмай, бұрынғы талапты қайтаруды сұрады!», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне әйелдерге рақымшылық жариялансын!» деген ұсыныстарын білдірді.

Біраз уақыттан соң акцияның болып жатқанын көрген бір әйел адам келіп бестіктің жанына қосылды. Ол өзінің мұғалім болып істеп, жұмыстан қысқарып қалғанын, қазіргі таңда еш жерге жұмысқа тұра алмай жүргенін айтты.

Митингке Алматы қаласының әкімдігі рұқсат бермеген. Жиналғандардың айтуынша, сол себепті де митингке аз адам келген. Дегенмен көше бойында кетіп бара жатқан жандар олардың осы әрекеттеріне қолдау білдіріп жатты.
- Зейнетке шығу жасын 58-ден асырмауды талап етеміз. Бізді көбісі қолдайды. Өтініш бойынша 54 мың қол жинадық, — деді белсенділер.
Митингіге әкімдік өкілі келіп, митингтің заңсыз екенін, сондықтан плакаттарды жинап, тарау керектігін айтты. Белсенділер өздерінің азаматтық құқықтары туралы жауап берді.
Бек Байтас, Жандос Мәдениет
Жаңалықтар
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры
- Перизат Қайрат ісі сотқа жіберілді
- Тоқаев «Антикорды» ҰҚК қарамағына біріктірді
- Алматыда мопед ұрлаған ер адам полицейді сүйретіп әкетті
- Әзірбайжан мен Ресейдің айқасы: Бакуде Симонянға қарасты Sputnik редакциясында тінту жүріп жатыр
- Мәжіліс депутаты Базарбек Бас прокуратураға бірден төрт арыз дайындады
- Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамға қатысты қосымша тергеу аяқталды
- «Полиция көмектеспеді»: Ақмолада түлекті аяусыз ұрып, көлікпен қағуға оқталған екі ер адам ұсталды
- Әзірбайжан Ресей қатысатын мәдени шаралардың бәрін тоқтатты
- Астанада аяғынан айырылған қыз қашан мектепке оралады?
- Wildberries патшайымы: Блогерге алданған қара халық президентке үндеу жолдады
- Қазақстан халықаралық математика олимпиадасында тарихи нәтиже көрсетті
- Мәжіліс пен сенат депутаттары жазғы демалысқа шықты
- Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті
- Алматы облысында әйелін 13 жыл бойы азаптап, ішкі ағзаларын езіп жіберген ер адам сотталды