Алматыда бір тәулікте 717 адам коронавирустық инфекция жұқтырды

cover

Пандемия басталғаннан бері елде КВИ инфекциясының 263 943 зертханалық расталған жағдайы анықталды. Соңғы деректерге сәйкес бір тәулікте індетті 2440 адам жұқтырды. Онын 717 жағдайы Алматы қаласына тиесілі.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Өңірлерге шаққандағы коронавирус инфекцияcын жұқтырғандар саны:

  • Алматы – 717;
  • Нұр-Сұлтан – 446;
  • Алматы облысы – 254;
  • Қарағанды облысы – 169;
  • Атырау облысы – 149;
  • Ақтөбе облысы-116;
  • Батыс Қазақстан облысы – 110;
  • Ақмола облысы-101;
  • Шымкент-72;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 49;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 49;
  • Қызылорда облысы-43;
  • Жамбыл облысы – 38;
  • Павлодар облысы-38;
  • Қостанай облысы-33;
  • Маңғыстау облысы-33;
  • Түркістан облысы-23.

1 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық пневмония жағдайларының есебін жүргізеді, бірақ олар covid-19 статистикасына енгізілмейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар