Алматыда аса ауыр қылмыс жасаған, мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдік ұсталды

cover Фото: Pixabay.com

Алматыда көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасаған 33 жастағы шетел азаматы 11 қыркүйек күні ұсталса, 49 жастағы тағы бір шетелдік 15 қыркүйекте қолға түсті. Олар үш жыл бойы есірткі құралдарын, психотроптық заттардың заңсыз айналымға шығарғаны үшін айыпты болып, мемлекетаралық іздеуде жүрген. 

Қазіргі уақытта екеуі де қамауға алынды. Енді экстрадициялау мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Семейде қала әкімі болуға үміткерлердің кім екені белгілі болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар