Алматыда 8 жыл бойы заңсыз инвестициялық қызметпен айналысқан алаяқ қолға түсті

cover Фото: freepik.com

Алматыда халықты заңсыз инвестиция арқылы тұрақты табыс табуға үгіттеген адамның ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz. 

ҚМА мәліметінше, күдікті 2013–2021 жылдар аралығында «Өмірді сақтандыру» жобасы аясында инвестициялық қызмет ұсынып, азаматтардың ақшасын иемденіп отырған. Күдікті адамдарды «Evroasia Global Investment» АҚ және «Evropa Investment» ЖШС есепшоттарына ақша аударуға үгіттеген. Сонымен қатар, жылына 12%-ға дейін тұрақты табысқа кепілдік беріп, олардың атына жалған құжат рәсімдеген. 

Қаражат тек аударым арқылы қабылданған. Нәтижесінде 270 жәбірленушіге 620 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Күдіктінің бүкіл заңсыз алған мүлкіне уақытша шектеу қойылып, қамауға алынды.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар