Алматыда 2030 жылға дейінгі қаланың бас жоспарына сай қай жолдар ұзарып, қандай нысандар сүріледі?
Фото: Ашық дереккөзден
Алматыда 2030 жылға дейінгі бұзу жұмыстарына қатысты жоспар белгілі болды. Қалада 12 көше ұзартылып, жаңа метро желілері салынып, LRT және SkyTrain іске қосылады, деп хабарлайды Orda.kz Krisha.kz басылымына сілтеме жасап.
Алматы әкімдігі 2026–2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспарын жариялады. Құжатта көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты негізгі мәліметтер берілген. Жобаларды жүзеге асыру үшін тұрғындардан бірқатар жер телімдерін сатып алу қажет.
Қалада 12 көшені жалғастыру және ұзарту жоспарланған. Метроның жаңа станциялар мен желілері іске қосылып, метроны дамыту жұмыстары жалғасады. 2026 жылы «Қалқаман» станциясы іске қосылады.
2030 жылға дейін желі «Барлық» базарына дейін (үш станция) ұзартылады.
Жаңа желілер:
- «Жібек жолы» станциясынан әуежайға дейін (сегіз станция, ұзындығы — 14 шқ);
- «Сайраннан» Алатау қаласы (Gate City) ауданындағы «Северный» көлік-логистикалық торабына дейін (12 станция, ұзындығы — 22 шқ).
Метрополитеннің екінші желісін салу үшін қаланың үш ауданында — Алмалы, Медеу және Түрксіб аудандарында біраз үйлер сүріледі.
Сонымен қатар 2030 жылға дейін жалпы ұзындығы 32,5 шақырым болатын LRT іске қосу жоспарланған:
- 1-кезең — деподан Алматы-2 вокзалына дейін, 18 шақырым;
- 2-кезең — «Барлық» және «Шығыс қақпалары» көлік тораптарына дейін, 14,5 шақырым.
Екі желіде кондиционермен, бейнебақылаумен және Wi-Fi-мен жабдықталған 33 бес секциялы трамвай жүреді. Жоба кезең-кезеңімен 2040 жылға дейін толық іске қосылады.
Алматыда SkyTrain (монорельс) іске қосылады, оның жалпы ұзындығы 42 шақырым болады. Бірінші желі — «Барлық» көлік торабы маңынан Райымбек даңғылы арқылы Сайын көшесімен, әл-Фараби даңғылы және Шығыс айналма автожолы арқылы Құлжа күре жолына дейін өтеді.
Екінші желі — Райымбек даңғылы бойымен шеңберлі бағытта болады.
Қазірдің өзінде Райымбек даңғылы бойында 17 шақырымдық BRT желісі салынып жатыр.
2030 жылға дейін тағы 296 шақырым салу жоспарланған. BRT құрылысы үшін Алмалы, Жетісу, Әуезов, Алатау және Наурызбай аудандарындағы жер телімдері сатып алынуда.
Сондай-ақ, келесі орындарда жаңа өткелдер салынады:
- Тимирязев көшесінде (ҚазҰУ маңында);
- Алматы-2 вокзалы ауданында «Райымбек батыр» метро станциясына қарай;
- А-3 тасжолы арқылы (Ынтымақ, Gate City);
- Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тасжолының қиылысында.
Келесі көшелерді ұзарту мерзімі — 2026–2027 жылдараралығы деп белгіленген:
- Абай даңғылы — Әуезов көшесінен (Қалқаман) қала шекарасына дейін;
- Сайын көшесі — Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін;
- Төле би көшесі — Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін (екі учаске);
- Рысқұлов даңғылы — Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін;
- Тілендиев көшесі — қала шекарасына дейін;
- Жұбанов көшесі — Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін;
- Солтүстік айналма жол — қала шекарасына дейін;
- Райымбек даңғылы — Жетісу көшесінен Шығыс айналма автожолына дейін;
- Оңғарсынова көшесі — Райымбек даңғылына дейін;
- Хмельницкий көшесі — Қайрат ықшамауданынан Талғар тасжолына дейін;
- Мұқанов көшесі — Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейін.
Бұл жобалар аясында жүздеген тұрғын үй мен коммерциялық нысан сүрілетіні белгілі болды.
Сонымен қатар келесі бағыттарда көшелерді ұзарту жобасы әзірленуде:
- Алдар Көсе көшесі — Сейфуллин даңғылынан Жамақаев көшесіне дейін;
- Талғар тасжолы — қала шекарасына дейін;
- Рысқұлов даңғылы — айналма эстакадасымен бірге;
- Ахметов және Закарпатская көшелері — БАКАД-қа дейін жалғасады.
Еске салсақ, биылғы ақпан айының басында Алматылықтардың 1000-нан астам үйі мен жер телімі сүрілетіні белгілі болды. Алматыда Медеу, Түрксіб, Алатау, Алмалы және Жетісу аудандарындағы бірқатар үй мен жер телімі сүрілетін тізімге енді.
Жалпы, 2026 жылға энергетика басқармасы, жол инфрақұрылымымен қатар басқа да уәкілетті органдардан келіп түскен өтінім негізінде мемлекет қажеттілігі үшін 1000-нан астам жер телімін сатып алуды жоспарланған. Бұның барлығы Алматы қаласын дамыту бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр.
Бұл сүрілген аумақтарға көлік инфрақұрылымын жақстарту мақсатында жолдар мен жолайрықтар салынды. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар қатарына мектеп, балабақша, аурухана кіреді. Ал энергетика нысандарына кәріз-сорғы станциялары, қосалқы станциялар салынатыны белгілі болды.
Оқи отырыңыз:
- Алматыдағы жаңарту бағдарламасы: Апатты үй иелері қандай өтемақы алады?
- Алматының жаңа бас жоспары құрылыс салушылар мен шенеуніктердің қылмысын заңдастырған – сарапшылар
- Алматыда БАКАД-қа шығатын бес көшенің құрылысын аяқтау мерзімі белгілі болды
Жаңалықтар
- Перизат Қайрат түрмеде тазалықшы болып жұмыс істеп жүр
- Тоқаев Корея президентінің арнаулы өкілімен қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылады
- Қазақстан Түркияның әскери мүлкі мен әскери қызметкерлерінің транзитіне рұқсат береді
- Мәжіліс депутаты радикал діни ағымдарға заңмен тыйым салу мәселесін қайта көтерді
- Мемлекеттік қызметкердің есірткіге әуестігі тексеріледі: Мәжіліс заң жобасын қарап жатыр
- Магнус Карлсенмен суретке түскен Алуа Нұрман халықаралық турнирден 2-орын алды
- Қаңғыбас иттерді өлтіруге рұқсат берілді
- Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратында болған өрттің алдын ала себебі белгілі болды
- Алматыда 2030 жылға дейінгі қаланың бас жоспарына сай қай жолдар ұзарып, қандай нысандар сүріледі?
- Әділетхан Молдахан 2 айға қамауға алынды
- Коуч пен психологтардың құқықтық мәртебесі заңмен айқындалмақ
- Қозы Көрпеш – Баян Сұлу мерекесі жайлы не білеміз?
- Сағатына 100 мың жалған хабарлама: Құпия деректер мен банктегі қаражатты қолды қылатын алаяқтардың жолы кесілді
- Таяу Шығыстағы ахуал: Трамп айтқан «алтын дәуір» бастала ма?
- Әкімдіктегілер түстен кейін жұмысына оралады — Ақтөбе облысының әкімі
- Солтүстік Корея екінші күн қатарынан белгісіз снарядтарды ұшыруда — Оңтүстік Корея
- Қазақтың келінге қатысты салт-дәстүрлері мен ат тергеудің тәрбиелік мәні
- АҚШ пен Иран 14 күнге бітім жариялады: Тоқаев құптады
- Әкімдіктегі тілсіз жау: Ақтөбе облысының әкімі мәлімдеме жасады
- Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртке оранды