Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті

cover Фото: Pexels

Алан есімді 20 жастағы қазақстандық 27 шілде күні таңертең Жастар шыңына қарай жолға шыққаннан кейін із-түзсіз жоғалып кетті. Сол уақыттан бері оған ешкім хабарласа алмаған. Туыстары мен таныстары әлеуметтік желілерде көмек сұрап, ақпарат таратуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Zakon.kz тілшісіне берген мәліметінде іздеу-құтқару штабы құрылғанын және қазіргі таңда құтқарушылардың жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Іздестіруге кинологтар мен дрондар да тартылған.

Іздеу жұмыстарына «Медеу» құтқару бекетінен Республикалық жедел-құтқару жасағы (РОСО) мен «Тұйық-Су» бақылау-құтқару пунктінің мамандары жұмылдырылды.

«Онымен байланыс тек әпкесі арқылы болған, нақты геолокациясы белгісіз. Алынған мәліметке сәйкес, ол үстіне жылы киім, шолақ шалбар және спорттық аяқ киім киген. Бұл күндері тауда жаңбыр мен бұршақ жауған, 4000 метрден жоғары биіктікте қар түскен»,  деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Жастар, Титова және Т1 шыңдары тексерілгенімен, жоғалған азаматтың ізі әзірге табылған жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар