Алматы қаласының полиция департаменті жантүршігерлік оқиға туралы айтты

cover

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жантүршігерлік оқиға орын алды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы әлеуметтік желілер арқылы тарады.

– Қызды азаптап өлтірген. Алдымен олар оны тұншықтырған, кейін өртеп жіберген. Жалдамалы пәтерлерде жезөкшелер үйлері бар екенін аудандық полицияға талай рет айттық. Бірақ барлығы елемейді. Қазір учаскелік полицейлер марқұмды жезөкше болған деп отыр, - деп жазды @zhaloby.almaty басылымының авторы.

Ал, полицейлер бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 1-бап бойынша тіркелгенін айтты.

– Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Марқұмның жеңіл мінезді әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жеке басы анықталған күдіктіні қамауға алу бойынша кешенді шаралар жүргізілуде, - деп хабарлады ведомство.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар