Алғабастағы өрттен аман қалған 3 адамның жағдайы өте ауыр – министрлік

cover Коллаж Orda.kz

Түркістан облысы Алғабастағы 12 адамның өмірін жалмап кеткен тілсіз жаудан аман қалған 3 адамның жағдайы туралы министрлік ақпарат таратты, деп хабарлайды Orda.kz.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккен үш адамның жағдайы әлі өте ауыр. 18 жастағы қыз бен әйел өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал ер адам өздігінен тыныс алып жатыр. Бірақ ол да тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында. 

Барлығын ауыр күйік шалған. Денелерінің 11–30%-ы күйген. Қазір науқастар аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, Түркістан облысының Алғабас ауылында 18 қарашада ірі өрт шықты. 360 шаршы метрлік жеке үйде болған апат салдарынан 12 адам қаза тауып, үш адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар