Ақтөбеде пойыз бастығын өлтірген жігіт 20 жылға сотталды

cover Фото: freepik.com

Ақтөбеде жолаушылар пойызы бастығының өлтірілуіне қатысты іске үкім шығарылды. Пробация тәртібін бұзған, уақытында абақтыға қамалмаған сотталушы адам өлтіру ісі бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сот 28 жастағы айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы (Адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танылды. 

Қанды қылмыс 6 тамыз күні таңғы сағат 04:00 шамасында қала орталығында болды. Сол күні теміржолшылар кәсіби мерекені атап өткен. Олар жолдан өтіп бара жатқан жас жігіттен темекі сұраған кезде жанжал туындап, сол сәтте пойыз бастығы Ерсұлтан Мұханбетәлі кеуде тұсынан алты рет пышақталған. Ол ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Сотталушы Бауыржан Қабдуллов өзін қорлап, ұрған адамнан қорғанғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол моральдық зиян үшін 10 млн теңге төлеуге міндеттелді. Қаза тапқан Ерсұлтан Мұханбетәлінің үш баласы қалды.

Айта кетейік, Алматы әуежайында өзіне өрт қойған ер адамға қатысты тергеу тоқтатылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар