Ақтөбеде 12 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот үкімі шықты
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде «Самара – Шымкент» тасжолында 12 адамның өмірін қиған жол апаты бойынша сот процесі басталды. Айыпталушы ретінде сол оқиға кезінде қаза тапқан жүк көлігінің жүргізушісі танылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жантүршігерлік апаттан аман қалған 6 жолаушының бәрі шағын автобустың оң жағында отырған.
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында алдын ала тыңдау өтті. Әйтеке би ауданының сот залынан жәбірленушілердің бір бөлігі онлайн форматта қосылды. Сотта қайғылы жағдайдың мән-жайы баяндалды. Электрондық форматтағы қылмыстық іс 10 том болды. Айта кетерлігі, бетпе-бет соқтығысқан қос көліктің жүргізушілері оқиға орнында көз жұмған.
Апатқа себепші болды деп айыпталған жүк көлігінің жүргізушісі – Зухриддин Калилов. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру қағидаларын бұзуы) айып тағылды. 31 жастағы Өзбекстан азаматы сол күні «DAF» жүк көлігімен Хромтау ауданынан шығып, Қарабұтақ ауылына қарай бағыт алған. Айыптау актісіне сәйкес, ол жылдамдықты шамадан тыс асырған.
«Көлік жылдамдығын белгіленген шектеуден сағатына 110 шақырымға дейін асырған. Қайтыс болған Зухриддин Қалилов ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады. Яғни, көлік құралын басқаратын адамның жол жүру қағидаларын бұзып, абайсызда адамның денсаулығына орташа және ауыр зиян келтіріп, сонымен қатар екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет жасаған», – деді прокурор Елдар Әбиев.
Айыпталушы ретінде танылған жүк көлігінің жүргізушісі – Өзбекстан азаматы. Оған мемлекеттік қорғаушы тағайындалған. Қорғаушы күдіктінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтатып, істі қысқартуды сұрады. Сондай-ақ ол жол апаты кезінде аман қалғандардың тек көліктің оң жақ бетінде отырғандарын тағы бір мәрте атап өтті. Ал зардап шеккен тарап тек жүргізушіні ғана емес, автобус иесін де жауапқа тарту қажеттігін алға тартты.
«Күйеуім әлі есін жиған жоқ, бір ай бойы комада жатты. Жағдайы өте ауыр. Бес балам бар, өзім жұмыссызбын. Отбасымыздың жалғыз асыраушысы төсек тартып қалды. Жолдасыма ұзақ мерзімді емделу қажет. Мен енді кімге шағымданамын?», – деді жәбірленуші Ақнұр Егізбаева.
Судья Алтынбек Сабыров сотталушының қайтыс болуына байланысты қылмыстық істі өндірістен тоқтату туралы үкім шығарды. Осыған сәйкес, қылмыстық қудалау тоқтатылды. Сот шешімімен жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқан екі жүргізушінің автокөліктері заңды иелеріне қайтарылатын болды.
Сонымен қатар, сот Ақтөбе облыстық полиция департаментіне қатысты жекеше қаулы шығарды. Құжатта істі тергеген анықтаушының әрекетіне байланысты тиісті шара қолдану қажеттігі көрсетілген. Соттың мәліметінше, қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес, сотталушы қайтыс болған жағдайда қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу сатысында-ақ тоқтатылуы тиіс еді. Алайда қылмыстық қудалау органы бұл талапты орындамай, айыптау актісін жасап, істі сотқа жолдаған.
Судья анықтаушы Тәжікеннің қызметтік міндеттеріне салғырт және немқұрайлы қарағанын, процестік заң талаптарын сақтамағанын атап өтті. Осыған байланысты Ақтөбе облыстық полиция департаментінің басшылығына алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу жөнінде назар аудару ұсынылды.
Еске сала кетейік, 12 адамның өмірін қиған жантүршігерлік оқиға 23 қазанда «Самара – Шымкент» тасжолының бойында болды. Қаза болғандардың арасында 3 және 9 жастағы балалар бар. Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «Газель» микроавтобусы соқтығысқан жерге облыс әкімі барған болатын. Кейін оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- «Қорғас ісі»: Қожамжаров командасының тағы бір өкілі сотталды
- Ақтөбеде 12 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот үкімі шықты
- Тоқаев Мария Хаджиеваны лауазымынан босатты
- 17 жастағы мүгедек қызды зорлауға оқталған Үндістаннан келген студент ұсталды
- «Шығын — 8,5 млн»: Түркістанда келін енесінің алтындарын ұрлап, құмар ойынына жұмсаған
- Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның алименттен қалай жалтаруға тырысқанын айтты
- Садыр Жапаровпен ЖИ арқылы «суретке түскен» блогер жазаланды
- Атырауда базар аумағында ірі өрт шықты
- Астанадағы түнгі клубта 18 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды
- Атырауда егде жастағы үш адам газдан уланып көз жұмды
- Жапаров Атамбаевты мемлекеттік атақтарынан айырды
- Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелге шығуға тыйым салуды ұсынды
- Израиль Сирияның оңтүстігіндегі Талл әл-Ахмер ауданына шабуыл жасады
- Геннадий Головкин мен Криштиану Роналдо Эр-Риядта кездесіп қалды
- Әлем жаңажылдық отшашу мен дақпырттан бас тартты
- Қазақ жұрты актер Нұрлан Сегізбаевты соңғы сапарға шығарып салды
- Ақ үй Трамп пен Зеленскийдің кездесуі кейінге жылжығанын хабарлады
- «Жазықсызбын» деп зарлаған Малайзияның экс-премьері Наджиб Разак 15 жылға сотталды
- 2026 жылы Қазақстанда зейнетақы қаншалықты өседі
- Теміртауда автобустағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды