«Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді

cover Коллаж: Orda.kz

«Ақтөбе» футбол клубы ресми түрде футболшы Нанидің Love Айкамен кездеспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.       

«Ақтөбе» футбол клубы футболшы Луиш Нанидің Love Айка лақап атымен танымал Айғаным Мырзахметовамен қарым-қатынасы бар деген ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады. Клуб бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Ақтөбе» футбол клубы аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді» деп жазылған клуб хабарламасында. 

Клуб өкілдерінің айтуынша, бұл жарияланымдар команда ішінде шиеленіс туғызуы мүмкін әрі ұжымдағы ахуалға кері әсер ететін ақпараттық арандату.

«Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпаратқа назар аударуға және клубтың имиджіне нұқсан келтіретін хабарламалардан аулақ болуға шақырамыз» деп жазылды мәлімдемеде. 

«Ақтөбе» ФК басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Амандық журналистерге Луиш Нанидің бұл жағдайға ренішті екенін айтқан.

«Ол — әлемдік деңгейдегі ойыншы. Оның жеке пиар-менеджері бар», — деді ол қауесет туралы сұраған басылымға. 

Сондай-ақ оның айтуынша, бедел мен жария ақпаратқа қатысты барлық мәселелер футболшының келісімшартында нақты көрсетілген.

Қайсар Амандық Нани Ақтөбеге келгеннен кейін оған деген қызығушылық өте жоғары екенін де атап өтті.

«Шынымды айтсам, біз оны әкелген кезде осы жағынан қиындықтар көп болды. Көлік жөндеу орындарынан бастап сантехника дүкеніне дейін, былай айтсақ, кім көрінген оны жарнамаға шығарып жатты», — деді ол. 

2026 жыл Қазақстан премьер-лигасы үшін ауқымды өзгерістермен басталды. Биыл «Ақтөбе» Еуропаның топ-5 лигасында өнер көрсеткен Луиш Наниді құрамына қосты. Ал қызылордалық «Қайсар» кезінде «Челси», «Ливерпуль» және «Интер» сапында ойнаған Виктор Мозесті шақырып, көпшіліктің назарын аудартты. Материалды толық  мына сілтемеден оқи аласыз.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар