АҚШ-тағы жаппай депортация: Қазақстанның үш тумасы ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне енді
Фото: скриншот
Америка Құрама Штаттарының билігі ел аумағынан заңсыз жүрген иммигранттарды жаппай депортациялау науқанын бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ішкі қауіпсіздік министрлігі жариялаған ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне Қазақстанда туған үш азамат енді.
Министр Кристи Ноэм бастаған ведомство президент Трамптың сайлауалды уәдесіне сәйкес бұрын ауыр заң бұзушылықтарға жол берген шетелдіктерді бірінші кезекте елден шығаруға кірісті. Вашингтон әкімшілігі депортациялау тізімін жасау кезінде ауыр қылмыс жасаған тұлғаларға басымдық беріп отыр.
- Тізімге енген Джафар Дадаев Алабама штатындағы Бруклин қаласында ұсталды. Оған адамға шабуыл жасау және бөтеннің мүлкін жымқыру айыптары тағылған.
- Тағы бір күдікті Исломдин Искандаров Флорида штатында ұрлық жасағаны үшін айыпталып отыр.
- Ал Орегон штатында Юрий Коротких қару айналымына қатысты заңнаманы бұзды деген күдікке ілінді.
Қазақстанның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше аталған тұлғаларға Қазақстанда іздеу жарияланбаған. Бұл азаматтар тек АҚШ заңнамасы аясында қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.
Жаңалықтар
- Прокуратура Оңтүстік Кореяның экс-президентін 10 жылға соттауды сұрады
- АҚШ-тағы жаппай депортация: Қазақстанның үш тумасы ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне енді
- «Qarmet» зауытындағы 1,8 млрд теңге ұрлығы: Әнипа Назарбаеваның серіктесі қамауға алынды
- ЖИ министрлігінің кейбір өкілеттігі ҰҚК бақылауына өтті
- КХДР алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды
- Бауыржан Момышұлына ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілді
- Түркістан облысында 14 жастағы оқушы 6 жасар қызды зорлап, 10 жылға сотталды
- Ресей Украинаға қатысты 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды қабылдамады
- Экс-судьяның өлімі: Күдіктілер Мәскеуде ұсталды
- Ажалы шойын қазаннан: 6 жастағы қызды анасымен қоса ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты
- Парижде зергерлік бұйым таситын курьерлерге қарулы шабуыл жасалды
- 2025 жылы 14 828 этникалық қазақ тарихи Отанына оралды
- ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы үй қамаққа алынды
- Зеленский бейбітшілік жоспарының 20 тармағын атады
- Баялиев Рүстем президент әкімшілігіндегі орнын босатты
- Қоғам белсендісі Ринат Рафхатұлы қайтыс болды
- «Маған қазақ тілі қажет емес»: Шымбұлақтағы мейрамхана қызметкері қонақпен жанжалдасты
- Tiger Films «Руың кім?» фильміне қатысты даудан кейін кино түсіруді тоқтатады
- «Жала жапты»: Түркістан облысында студент қызды зорлап өлтірген өзбек азаматы өмір бойына сотталды
- Ақтау қаласында жасөспірімдер оқушыны зорлап, қолын пышақпен тілгілеген