АҚШ-та жалақы алмаған ұшқыштар жұмысқа шықпай, ұшақтар тоқтап қалды
АҚШ-та мемлекеттік бюджет туралы дау аясында жалақы алмаған ұшқыштар жұмысқа шықпай қойды. Соңғы бірнеше күнде АҚШ-тың 12 ірі қаласында мыңдаған әуе рейстері тоқтатылып, үшақтар ұшпай қалды, деп хабарлайды Orda.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Үкіметтің рекордтық 39 күндік жабық жағдайына қатысты мыңдаған авиадиспетчер жұмысқа шықпады. Федералдық қызметкер ретінде олар бірнеше апта бойы жалақы алмаған. Бұл ретте рейске шығатын ұшқыштар жүктеменің көптігінен қауіпсіздік талаптарының жаппай бұзылып, ұшқыштардың қажи бастағаны туралы мәлімдеген.
Сенбі күні 1500 рейс тоқтатылды, тағы 6000 рейс кешіктірілді. Азаматтық авиацияның федералдық басқармасы (FAA) 42 басқару мұнарасы мен әуе қозғалысы орталықтарында қызметкерлер тарапынан мәселе туандап отырғанын хабарлады. Кешіктірулер Атланта, Чикаго, Нью-Йорк, Сан-Франциско және Ньюарк сияқты 12 ірі қалаларды қамтыды.
FAA авиакомпанияларды 40 ірі әуежайда күнделікті рейстер санын 4% -ға қысқартуға міндеттеді. 12 қарашадан бастап қысқарту 10% -ға дейін ұлғаяды. Көлік министрі Шон Даффи жұмысқа шықпаудың одан әрі артуы кезінде ведомство әуе қозғалысы көлемін 20% -ға қысқартуы мүмкін екенін ескертті.
Сенатта федаралды үкіметтің жұмысын аяқтау туралы келіссөздер жүріп жатыр. Алайда, сенатор Джон Тунның айтуынша, келісімге әлі қол жеткізілмеген.
АҚШ-тағы шатдаун 1 қазанда басталды. Ол федералдық үкіметтің жұмысын тоқтата тұруды білдіреді. Себебі - демократтар мен республикашылдар арасындағы мемлекеттік бюджет туралы дау толастар емес.
18 қазанда америкалықтар тағы да өре көтеріліп, көшеге шықты. Олар АҚШ президентінің «авторитарлық үрдістері мен шексіз сыбайлас жемқорлығына» қарсылық білдірді. Елде 2500-ден астам митинг өтті, олардың ең ірілері Вашингтонда, Нью-Йоркте және Чикагода болды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, акцияларға жеті миллионға жуық адам қатысты.
Бүгін елімізде жолаушының қылжағына бола әуежайдың жұмысы тоқтап, бүкіл Атырау әуре-сарсаңға түсті.
Жаңалықтар
- Депутат Қазақстанда онлайн несие алудағы өзгерістерді түсіндірді
- Тағы да Талғар: Ғалымжан Шерзатұлы 53 күннен кейін қайта жерленді
- Қарағандыда дроперлікке банк шотын берген студенттер жауапқа тартылды
- Жүк көлігі үйге соғылып, жүргізуші кабинада қысылып қалды
- Олимпиада-2026: Қазақстан құрамасы шаңғы акробатикасынан жетінші орын алды
- АҚШ Жоғарғы соты Трамп енгізген жаһандық баж салығының көбін заңсыз деп таныды
- Меркель құралақан қалды, Мерц қайтадан ХДО партиясы төрағасы болып сайланды
- Бозжыра шатқалы әлемдегі ең көрікті шөлдердің ондығына енді
- ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасы болып Дархан Молдаханов тағайындалды
- Жапаров досына не үшін ренжіді: Қырғызстан ҰҚК беделі түсіп кетті
- Олимпиада-2026: 21 ақпанда Қазақстан атынан кімдер жарысқа шығады
- Голан төбесіндегі қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды
- Ресейлік Су-30 жойғыш ұшағы Атырау әуежайында не істеп жүр?
- World Boxing Organization Жәнібек Әлімханұлына бір жылға жарысқа қатысуға тыйым салды
- Ильхам Әлиевтің күзеті наразы топпен қақтығысты: Елшілік түсініктеме берді
- Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына ілтипат білдірді
- Михаил Шайдоров пен командасын дайындауға 263 миллион теңге жұмсалды
- Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореядан ерікті түрде шығатын мерзімі ұзартылды
- Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар сабаққа кірмейді
- Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров жарысқа киген костюмін музейге тапсырды