АҚШ-та кем дегенде 10 бала коронавирусқа қарсы екпеден қайтыс болды
Фото: gov.kz
Кем дегенде 10 бала COVID-19 екпесінен кейін қайтыс болған, бұл туралы АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы вакцина бөлімінің директоры мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
NBC-ке жолданған жазбаны FDA биологиялық препараттарды бағалау және зерттеу орталығының директоры доктор Винай Прасад жазған. Онда Прасадтың айтуынша, агенттік қызметкерлері 2021-2024 жылдар аралығында осы екпелердің жанама әсерлері туралы есеп беру жүйесінде (VAERS) тіркелген 96 бала өлім-жітімінің кемінде 10-ы COVID-19 екпесімен байланысты екенін анықтаған. Ол агенттікті қауіпсіздік проблемаларын жылдар бойы елемеді деп айыптап, нақты сан бұдан да жоғары болуы мүмкін деп мәлімдеді.
Қызметтік жазбада балалардың жасы, ауру тарихы, аталған өлімдердің хронологиясы немесе құжаттамасы көрсетілмеген, сондай-ақ екпені жасаған өндіруші көрсетілмеген. Оның бәрі FDA қорытындылары рецензияланатын журналда жарияланбаған.
Прасад балалардың өлімі миокардитпен, яғни жүрек бұлшықетінің қабынуымен байланысты деп болжайды, бірақ бұл мәлімдемені растайтын дәлел келтірмейді.
Мәтінді зерттеген сарапшылар ұсынылған деректерде дәл емес, толық емес немесе ақырғы ақпарат емес болуы мүмкін деп мәлімдейді.
Сондай-ақ, АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы, екпеге қарсы белсенді Роберт Ф. Кеннеди ол екпенің еш пайдасы жоқ екенін айтады.
2021 жылы Қазақстанға Pfizer екпесі жеткізілгеннен кейін жасөспірімдерге салынатыны айтылды. Негізі балаларға екпе салу олардың ата-аналарының немесе ресми қамқоршыларының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
Вакциналау әлемдік деңгейде бастала салысымен сол 2021 жылдың өзінде осы салада 9 жаңа миллиардер пайда болды. Олардың сол жылғы жиынтық пайдасы $19,3 млрд болды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады