АҚШ президентінің резиденциясын торуылдаған 20 жастағы жігіт оққа ұшты

cover Фото: bbc.com

АҚШ президенті Дональд Трамптың Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясының аумағына қарулы ер адам заңсыз кіріп кеткен. Оны АҚШ-тың құпия қызмет агенттері атып өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz bbc-ге сілтеме жасап. 

Мәліметке сәйкес, шамамен 20 жастағы жас жігіттің қолында қару болған. Құпия қызмет марқұмның аты-жөні оның туыстарына хабарлағаннан кейін ғана жария етілетінін мәлімдеді. 

Палм-Бич округінің шерифі Рик Брэдшоуның резиденция аумағына мылтықпен кірген ер адам қарсылық көрсетуге тырысқанын айтты. Оның сөзінше, күдіктімен шерифтің орынбасары және екі күзет агенті бетпе-бет келген. Олар ер адамға қолындағы жанармай құйылған канстир мен мылтықты тастауды бұйырған.

Ер адам канистрын жерге қойғанымен, мылтықты атуға оқталған. Осыдан кейін шерифтің орынбасары мен құпия қызмет агенттері жігітті атып түсірген. 

Мар-а-Лаго — Мар-а-Лаго қаласында орналасқан жеке резиденция. Ол жер 2019 жылдың қараша айынан бері Трамп отбасының тұрғылықты мекені болып кеткен.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар