АҚШ мектебіндегі атыс: 2 адам қаза тауып, 6-уы жараланды

cover Фото: Fotolia/scherbinator

16 желтоқсан күні АҚШ-тың Висконсин штатына қарасты Мэдисон қаласындағы христиандық мектепте атыс болды, деп хабарлайды Orda.kz

CNN-ге мәліметінше, оқиға салдарынан 2 адам қаза тапты, оның ішінде күдікті болып саналатын кәмелет жасына толмаған шабуылшы да бар.

Мэдисон полициясы дүйсенбі күні брифинг өткізіп, атыс кезінде мұғалім мен жасөспірім оқушының қаза тапқанын мәлімдеді. Қаза тапқандардың бірі шабуыл жасаған адамның өзі болып шықты. Ол да осы мектептің оқушысы болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

Тағы 6 адам жарақат алды, ал 2 адам ауыр халде ауруханада жатыр. 4 оқушы өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттармен емделуде.

Полиция жасөспірім туралы мәліметті әзірге жарияламайтынын айтты. Дегенмен де, полициядағы дереккөздерге сүйенсек, шабуыл жасаған қыз бала және ол бұл әрекетін алдын ала жоспарлаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар