Ақмола облысында автокөлік жылқымен соқтығысып, 3 адам ауыр жарақат алды

cover Фото: freepik.com

Ақмола облысы аумағында автокөлік жылқымен соқтығысып, үш адам ауыр жарақат алды. Жол апатынан жануар өлім құшты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Апат кеше, 2 сәуірде таңғы сағат 4 шамасында болған. Жүргізуші жолда жүрген жылқыны байқамай қалған. 

Соққыдан кейін Kia автокөлігінің алдыңғы бөлігі қатты зақымданды. Ал жылқы жол жиегіне ұшып кеткен. 

Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Олардың сүйектері сынып, түрлі жарақат алғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта полиция жылқының иесін іздестіруде. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар