«Әкімдіктегі жемқорлық»: Ақтөбеде мердігерді қорқытып пара алған шенді әкімді сотқа шақырды
Коллаж: Orda.kz
Ақтөбе облысындағы Шалқар қаласында тағы бір әкімдік қызметкері «пара алу» бабымен сот алдына келді. Тергеу кезінде қылмыстық іс бойынша аудан әкімінен жауап алынған. Екі мердігерден «13,7 млн теңгені қорқытып алды» деп айыпталған. Мемлекеттік қызметкер кінәсін ішінара ғана мойындап отыр. Ол сотқа әкімді шақыруын сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысында Шалқар аудандық соты әкімдік қызметкеріне қатысты тағы бір істі қарай бастады. Шалқар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасоваға «пара алу» бойынша айып тағылды. Сотталушының қорғаушысы тергеу кезінде жауап алынған аудан әкімі Жанболат Жидехановтан сотта жауап алуын сұрады. Судья айыптауда көрсетілген куәгерлердің сұралатынын, қажет болса іс барысында қаралатынын айтты.
Шалқардағы шенді екі эпизод бойынша қылмыстық тергеуге алынған. Дәлірек айтсақ, Сәдуақасова ҚК-тің 366-бабы 3-бөлігі 1, 4-тармақтары бойынша айыпталды. Шенеунік мердігерді қорқытып, бірнеше рет пара алған.
Бүгін басты сот талқылауы болды. Прокурор айыптауды оқыды. Актіге сүйенсек, 2021 жылдың 23 сәуірі күні бөлім мен «Дәнекер» ЖШС-і арасында мемлекеттік сатып алу туралы байқаудың келісімшарты жасалды.
Келісімшартқа сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданында 1030 шақырым болатын Көпмола, Жылан, Кеңдала ауылдарының су желілерін қайта керек-жарағын қамтамасыз ету үшін келісім жасалған. Келісімшарттағы жалпы қаржы — 798 563 672 теңге. Жұмысты аяқтайтын мерзім — 2022 жылдың 31 желтоқсаны. Кейін 2022 жылы 21 ақпанында қосымша келісімшартпен жұмысты аяқтайтын мерзімді 2023 жылдың 31 желтоқсаны деп көрсеткен. Бұдан бөлек 2024 жылдың 1 мамырында бөлім мен ЖШС арасында қосымша келісімшарт жасалады. Негізгі келісімшарттағы қаржы — 1 951 279 991 теңгеге өзгертілген. Орындалған жұмыс актілері осы сомамен қабылданған.
Сотталушы Сәдуақасова мердігер компания директорларымен танысып, сенімді қарым-қатынас орнатады.
«Сәдуақасова заңсыз пайда табу мақсатында өзіне берілген құзыретті жеке басына пайдалану, бұдан әрі келісімшарт бойынша орындалған жұмыстардың сапасын тексермей, жұмыстарды қабылдау кезінде орындалмаған жұмыстарды кедергісіз бекіту үшін «Дәнекер» ЖШС-нің директоры Ысқақовтан пара алуға оқталған қылмыстық пейілі пайда болған. Өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында Сәдуақасова «Дәнекер» ЖШС директоры Ысқақовтан актіні кедергісіз қабылдау үшін пара ретінде 5 млн теңге талап еткен», — деді прокурор.
Сотта мердігерлердің пара беруге мәжбүр болғаны айтылды. Ол шенеуніктен қорқып, жеке адамның Kaspi банк нөмерлеріне 2024 жылдың 17 қазанында 700 000 мың теңге, 18 қазанда 5 млн теңге пара аударған.
Әрі қарай 2024 жылдың қазан-желтоқсан айы аралығында «Азия строй проект 777» ЖШС-не орындалған жұмыс үшін 84 млн 832 441 теңгеге аударылған.
Сәдуақасованың осы орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде екінші мердігерден пара ретінде 8 млн 50 мың теңге алғаны айтылды.
Кінәні ішінара мойындайтынын айтқан сотталушы сот тергеуінің соңында жауап беретінін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Шалқар ауданында мердігерді қорқытып пара алған шенділер 6 жылға абақтыға қамалды. Тендерден 1 % — 2,5 млн теңге алғандардың қолына сот залында кісен салынған еді.
Шалқар аудандық соты 2024 жылы тағы бір әкімдік қызметкерін соттады. Шалқар аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Қази Жұмаханов мектеп директорлары мен балабақша меңгерушелерінен ақша жинап, жеке мақсатқа жұмсап жіберген. Оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Абай облысында Азия чемпионы жол апатынан қаза тапты
- LRT жобасына тағы 66 млрд теңге бөлінеді
- Ауқым жинау немесе құрмет: «Интер» қазақ тілінде жазба жариялады
- Тарихта алғаш рет Нью-Йоркті мұсылман мэр басқарады
- Мас күйде темір тұлпар басқарған астаналық судьяның көлік жүргізу куәлігінің мерзімі шығып кеткен
- «Шатастырып алған»: Түркістан облысында 17 жастағы жігітті атып өлтірді
- Индира Елеместі түрмедегі бұрынғы күйеуі үйсіз қалдырды
- Заң бойынша тоқал алуға рұқсат беру керек — Абзал Құспан
- Ақмола облысында күйеуін өлтірген әйел жазадан босатылды
- АҚШ тарихындағы ең ықпалды вице-президент өмірден өтті
- «Ауытқуы бар»: Ақтөбеде түсік жасатқан және спираль салдыртқан жасөспірім туралы жаңа деректер белгілі болды
- Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова айыппұл төледі
- Кәрім Мәсімовтің самурай қылышы аукционда сатылды
- Түркістан облысында атыс болып, жасөспірім қаза тапты
- Қазақстанның сыртқы қарызы 15,9 миллиард долларға жетті
- Мас болып көлік тізгіндеген судья әлі бостандықта жүр
- Тоқаев бастамасы: футбол клубтары жекешелендіріліп жатыр
- Ақтөбе облысында 12 адамның өмірін қиған жол апаты: екі адам ауруханадан шықты
- Қарағандыда «қайырымдылық» атын жамылған қаржы пирамидасы әшкереленді
- Ақтөбеде 17 жастағы қызды жылдар бойы зорлап, екі мәрте түсік жасатып, спираль салдыртқан