Әкесін «ұрып өлтірген» ер адамға қатысты Түркістан облысының бас имамы мәлімдеме жасады
Фото: Бейнеден кадр
Түркістан облысының бас имамы әкесін соққыға жыққан ер адамға қатысты пікір білдіріп, оның мешітке ешқандай қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Өңірдің бас имамы Ержан Төлепов Facebook парақшасында жазба жариялады. Бұған дейін әлеуметтік желіде әкесін қорлаған ер адамның мешітте азаншы екені туралы ақпарат тараған еді.
«Бұл азамат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкері емес. Ол мешітте ешқашан азан айтпаған және ресми діни қызмет атқармаған. Оның қызметінің дін саласына қатысы жоқ, қосымша той жүргізетін тамада» деп жазды ол.
Айта кетейік, Шардара ауданында туған ұлы мен келінінен зорлық-зомбылық көрген қария 4 қыркүйек күні қайтыс болғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Шымкентте аяусыздықпен ажал құшқан Нұрай Серікбайдың 40 күндік асы берілді
- Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
- Олимпиада-2026: Қазақстан тарихындағы трамплиннен секіруден ең үздік нәтиже
- Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеу басталды
- Зеленский: Талап Украинаға ғана қойылады
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
- Алматы тауларына көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
- Ақтаудағы Назарбаев ашқан шыныпластик құбыр шығаратын зауытта тапсырыс жоқ
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
- Трамп әкімшілігі Гарвардты сотқа берді
- Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15 ақпаннан бастап қабылданады
- ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады
- Қазақстан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының медальдық есебінде 15-орында
- Олимпиада-2026: Қазақстандықтардың 14 ақпандағы жарыс кестесі
- Бүгін «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді
- Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады
- Олимпиадада Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан сенсациялық жеңіске жетті
- Тоқаев АҚШ елшісі Джули Стаффтпен кездесті
- Алматыда ер адамды «сөйлесуге» көшеге шақырып, сабап кеткен күдікті ұсталды
- Павлодарда зейнеткер «ҚМА қызметкерінің» құрығына түсе жаздады