Абай облысында «ELL QUATY» атты пирамиданың басшысы қолға түсті
Фото: Kapital.kz
Абай облысында тұтыну коорперативі ретінде жасырынып жұмыс істеген «ELL QUATY» атты қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚМА мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарды «HALYK QUATY» кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен автокөліктерді пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады деп сендірген.
«halykquaty.kz сайты мен әлеуметтік желілерде өз қызметін жарнамалап, «әр отбасыға бақыт!» деген ұранды қолданған. Осылайша олар өзін «халықтық кооператив» ретінде көрсетіп, жалған бедел қалыптастырған», — деп хабарлады ҚМА.
«HALYK» тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы «ELL QUATY» болып өзгертілді.
Қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы өз атына «QAZ INFO MARKET» ЖШС-ны тіркеп, салымшылардан түскен қаражатты шығарып отырған. Пирамидаға 1,5 мыңнан аса салымшы жалпы 6,8 млрд теңге қаржы құйған. «ELL QUATY» ұйымдастырушысы қамауға алынды.
Айта кетейік, сәуірде «Qnet» қаржы пирамидасын құрғандар сотталды.
Жаңалықтар
- «Теріс діни ағым»: Еліміздің 4 қаласынан терроризмге шақырған 6 адам ұсталды
- Абай облысында «ELL QUATY» атты пирамиданың басшысы қолға түсті
- Қырғызстанның экс-президентінің ұлына билікті құлатуға әрекет жасады деген айып тағылды
- Генадий Головкин World Boxing президенті атанды
- ФИФА-ның ірі футбол турнирі Қазақстанда өтеді
- Трамптың арнайы өкілі: Украина Ресейге аумағының бір бөлігін беруіне тура келеді
- Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға электр қуатымен көмектесіп, есесіне су алатын болды
- Instagram блогерлер Борейко, Бокаев және Ниязовтың жарияланымдарын жойды
- Белгілі әнші Мұқасан «Нұрмұқасан» тобына жаңадан қосылған Ғалымжанды көгала қойдай етіп сабап тастады
- Етті түсіңде көресің: Ел халқы көп тұтынатын негізгі тағамдар қымбат, үкімет шешім таба ма?
- Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімін мазақ етті. Қазақстан мен Өзбекстан бәсекелесіп жатыр. Картоп — алтынмен тең
- Алматыда қоймадағы ірі өрт сөндірілді
- 10 адам ұсталды: Қырғызстанда саясаткерлерге қатысты жаппай тінту жүргізіліп, тергеу басталды
- «Шешімі табылғанда мәселеге оралайық»: ДСМ басшысы Теміртау дәрігерлерінің талаптарына жауап берді
- Украинаға қатысты бейбіт жоспар түпкілікті емес — Трамп
- «180 мың теңге аламыз»: Жамбыл облысының фельдшерлері де президентке үн қатты
- Алматыда 22 қарашадан бастап жүргізушілерге жаңа айыппұл қосылды
- Талғарда 14 жастағы баланы өлтіріп алған жасөспірімнің анасы өз шындығын айтты
- Қорқынышты детектив: Астана маңында 14 жастағы Лераны кім және неге өлтірді?
- Қазақстан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды