Ақтаудағы төтенше жағдай: өрт сөндірушілер оқиға орнынан екі газ балонын тапты

cover

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Әйгерім Райымқұлова Ақтаудағы жарылысқа қатысты пікір білдірді.

Әйгерім Райымқұлова 7 қараша күні сағат 22:25-те «Шерқала» сауда-өндірістік кешенінің бірінші қабатындағы дәмханада белгісіз жағдайда жарылыс болып, ғимараттың бір бөлігі опырылып түскені туралы еске салды.

– Қазірдің өзінде құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ екені белгілі болды, опырылған аумақ 200 шаршы метрді құрады. Жарылыс себептері анықталуда. Қазір үйінділерді жою жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдайды жою кезінде өрт сөндірушілер көлемі 50 және 20 литр болатын екі газ балонын қауіпсіз қашықтыққа көшіргенін атап өткім келеді. Жарылыс кезінде жұмысшылар болған жоқ, - деді Райымқұлова.

Оның айтуынша, қазір сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу барысыныда жарылыстың нақты себебі анықталады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар