Ақпарат министрлігі интернет алпауыттармен байланысқа шықты

ҚР Ақпарат және қоғамды дамыту министрлігі әлеуметтік желілерге ие корпорациялармен келіссөздер жүргізді. Ақпарат вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев Orda.kz тілшісіне хабарлағандай, осы келіссөздерден кейін Қазақстанда интернет алпауыттарының өкілдігі болмаса, әлеуметтік желілерді бұғаттауға бағытталған «Балалардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасына түзетулер енгізілетін болады.
Ойшыбаев түсіндіргендей, заң жобасы балалар кибербуллингі мен буллингпен күресуге бағытталған.
Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі.
- Мәжіліс бірінші оқылымда заң жобасын қарады. Кейін біз барлық ірі интернет-компаниялармен келіссөздер жүргізіп, оларға өз талаптарымызды айттық. Олар ойланып жатыр. Жауабын алғаннан кейін, біз заң жобасын толықтыра аламыз. Өзгерістер енгіземіз және оны қайта қарау үшін парламентке жібереміз, - деді Ойшыбаев.
Ақпарат вице-министрі бірінші оқылымынан кейін ол интернет алпауыттарымен қосымша келіссөздер жүргізгенін және «бұл түзетулер балаларды буллингтан қорғаудан басқа ештеңе емес» деп сендірді.
- Интернетте әлеуметтік желілерді бұғаттау мақсаты жүзеге асырылып жатыр деп жазып жатыр. Бірақ қазіргі заңның өзі оған мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілерді бұғаттау үшін қосымша заң қажет емес! Өйткені мұндай құқық «Байланыс туралы» заңмен бекітілген. Бұл заңға сәйкес, веб-сайттар мен әлеуметтік желілер бірқатар бұзушылықтар үшін - діни араздықты қоздыру, әлеуметтік және нәсілдік өшпенділік, билікті құлатуға шақыру және т.б. бұғаттала алады. Мұның бәрі әлеуметтік желілерде орын алып жатыр. Алайда, оларға ешкім кедергі келтіріп жатқан жоқ, өйткені біз әлеуметтік желілердің маңыздылығын түсінеміз, - деді Ойшыбаев.
Желінің бақылауға алынуы
Еске салсақ, 14 қыркүйекте қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге кірмей қалуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Өйткені, билік партиясынан екі депутат Динара Закиева мен Айдос Сарым балалардың құқықтары туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды. Мұны балаларды кибербуллингтан қорғау үшін жасау керектігін түсіндірді. Ұсынылған түзетулерге сәйкес, барлық шетелдік мессенджерлер мен әлеуметтік желілер Қазақстанда тіркеліп, өз өкілдіктерін осында ашуы керек. Әйтпесе, олар бұғатталады.
Цифрландыру мамандары «балаларға қамқорлық пен киберқауіпсіздік - бұл жай ғана бет жағы. Оның артында Интернетті шектеу туралы заң әзірленіп жатыр» деп ескерткен. Олардың айтуынша, балаларды қорғау деген желеумен желіні бақылау күшейіп жатыр.
15 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары бұл түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин екінші оқылым алдында осы заң жобасы аясында нақты ұсыныстар сұрады.
Жаңалықтар
- «Қазақстандағы түрме азабы»: «Қара генерал» ісіндегі шезофрениямен ауыратын сотталушының қор болған ғұмыры
- Жезқазғанда «Шерзат ісіне» ұқсас қылмыстық іс қайта қаралып жатыр
- «Әкімдіктегі жемқорлық»: Ақтөбеде мердігерді қорқытып пара алған шенді әкімді сотқа шақырды
- Салық кодексіне өзгерістер енгізілді
- «Жетімін жылатпаған қазақ»: Қонаевтағы балалар үйінің жағдайы қалай?
- Нұржан Бексұлтанова халықаралық жүлдеге ие болды
- Прокурор Алматы әуежайында шу шығарған ер адамды 10 жыл 6 айға соттауды сұрады
- Шағын және орта кәсіпке арналған «Өрлеу» атты жаңа бағдарлама іске қосылды
- «Жаза бәріне ортақ»: Премьер Бектенов Назарбаевтар әулетіне қатысты тергеу ісі туралы айтты
- Олжас Бектенов Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы ма? Премьер өзі түсініктеме берді
- Жәбірленуші бола тұра қылмыскер атандым: Аяусыз пышақталған жасөспірімнің анасы әділдік сұрайды
- Мен халыққа жақсы атану үшін «тариф өспейді» деп айтқым келмейді – премьер-министр
- Перизат Қайраттың Араб Әмірліктерінің билеуші әулетімен байланысы бар
- Алматыда ер адам сүйіктісінің өгей әкесін бауыздап өлтірді
- Атыраулық көпбалалы ана сүндетке отырғызу бағасына наразы болды
- Тоқаев әскери-әуе күштері қолбасшысын қызметінен босатты
- Алматыда ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті
- Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын босатылмайды
- Семейде қылмыс әлемінің серкесі Лёха Семипалатинскийге ескерткіш орнатылды
- Ақтөбеде түнде полиция бөліміне рұқсатсыз кіргендер қамалды