600 мың теңгелік тортқа бола соттасып: Кондитердің абыройын төкті

cover Коллаж: Orda.kz

Астанада кондитер Нұршат Ақбергенова мен блогер Аселина Батыр арасындағы 600 мың теңгелік тортқа қатысты сот отырысында тіл маманының сараптамасы жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Сотта сарапшы Аселина Батырдың жазбалары кондитер Нұршат Ақбергенованы моральдық тұрғыдан  жағымсыз етіп сипаттағанын айтты. Оның сөзінше, блогердің Ақбергенованы «алаяқ» деп атауы оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін сипатта болған.

Судья сот залында сарапшы Гүлзада Рашқалиеваның қорытындысын оқыды.

«Батырдың пікірлері мен бағалаулары Нұршаттың жеке басына теріс моральдық сипаттама берген. Егер бұл мәліметтер шындыққа жанаспаса, оларды ар-намыс пен іскерлік беделге нұқсан келтіретін деп санауға болады» деп жазылған сарапшының қорытындысында.

Алайда жауапкер тарапынан Ғазиза Әмірбекова бұл қорытындымен келіспеді. Оның айтуынша, Батырдың стористері Нұршат Ақбергенованың беделіне зиян келтірген жоқ. Керісінше, оның жазбаларынан кейін кондитердің жазылушылары көбейіп, жарнама ұсыныстары мен республикалық телеарналардан шақыртулар түсе бастаған.

Сот сараптама нәтижелерін тыңдағаннан кейін кондитердің тортқа кеткен шығындары мен қызмет ақысын растайтын чектерді зерттеуге кірісті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар